"Бұрын ауылға барған соң – кемі бір аптаға бару керек", - деп ойлайтынмын. Қазір соғып кеткенге қуанамын. Өткен сенбі ауылға тоғыз сағатқа барған едім. Фотоаппаратқа дамыл болмады. Көп суреттен іріктелгендерін назарларыңызға ұсынайын.
Суреттермен қатар, ауылым жайлы ақпарат оқи отырыңыз. Ауылым Алматыдан 250 шақырым жерде, Райымбек ауданында орналасқан. "Біздің ауыл шұрайлы – Тоғызбұлақ, Семірген тұра алмайды өгіз құлап", - деп, басталатын Қапез Байғабылұлының әніндегі Тоғызбұлақ – осы.
Сол жақта тұрған ақ үйде менің балалық шағым өткен. Атамдар 2003 жылы Алматыға көшкеннен кейін бұл үйді Текестен келген ағайындар сатып алды.
Ұясынан енді шыққан Күн.
Күнгей Алатау.
"Жайлап отыр менің ауылым Алатаудың сол бір бауырын..."
Ауылдағы үйлер жота-жотада осылай шашырай орналасқан.
Анау тұрған Қапез Байғабылұлы атындағы мектеп.
Ауыл таңы.
Өріске кетіп бара жатқан бір отар қой.
Жайылуға шыққан жылқы.
Менің аталарым жатқан бейіт басы. Одан әрірек, шамамен 5 шақырым жерде Жалаңаш деген көрші ауыл тұр.
Мал жаюға шыққан бала.
Өзенге түсіп бара жатқан сиырлар.
Қой кезек.
Ат үстінде әндетіп бара жатқан қойшы.
Бие мен құлын.
Қошақан.
Сүт, кілегей, ірімшік!
Ауылдың маңында егістік пен мал суаруға арналған көл бар.
Бұл көлдің суы құбыр арқылы Шет Меркі өзенінен келеді.
"Орта Меркі, Шет Меркі, Меркі-Меркі, Қарқара, Кегенменен-ау, Жердің көркі..." (с)
Шет Меркі өзені.
Менің атам – Кеңесбек Алмабекұлы.
Мына жотадан ассаңыз Тоғызбұлақ көрінеді.
Біздің ауылда құртты осылай домалақ әрі үлкен етіп жасайды.
Нан жеген балақай. Мен ойнаған аула.
Батырлар!
"Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,
Барып қайт(тым) салқын жайлау, малды ауылға..." (с)