Таза ауа,құшағы кең,бәрін өз баласындай көріп,қуанса бірге қуанып,мұңайса бірге мұңаятын,ақкөңіл,қарапайымдылық қанына сіңген,әрбір айтылған тілегін жүрегімен,шынайылықпен жеткізе білетін,жүздерінен нұрлы шуақ төгіліп тұратын ауылымның кеңпейіл тұрғындарын-бір отбасы деп те айтуға болады.
Біздің ауылда таңғы алтыдан бастап қызу жұмыс басталып кетеді.Аналарымыз қорадағы малдарды түгендеп,сүтінен қаймақ,шұбат дайындап,әзірлеп қояды.Жаз айы құрылыстың бастау алатын шағы болғандықтан,күннің ыссылығына төзе білетін ағалар,таңның атысы мен кештің батысына дейін жұмыстың қамымен жүреді.Төрт түліктің қыстық қамын ойлап,шабындыққа барып шөпті дайындайды.Кең даланың жусан исі,ауылымды одан әрі құлпыртып көрсетеді.Тек масаның айналып адамның жанында жүргенді ұнататыны ,ызыңдаған дауысы құлаққа жағымсыз болып естілетіні жаман.Олар адамды ұнатқанымен,адам оларды ұнатпайтыны белгілі.Бірақ,оны түсінбейді-ау шамасы.
Ауыл тұрғындарының барлығының дерлік ауласында шағын ғана бау-бақшада бар.Алма,шие т.б теректер,жүзім уақытында піскесін,тосап дайындауға әзірлейді.Тіпті піспей тұрыпта дәмін көретін едік,бала кезімізде.Жаздың алғашқы айынан бастап қызанақ,қияр т.б көкөністер егіліп, баптап өсіреді.Бұрын қарбыз,қауынның дәнін сақтап егуші еді,қазір көп ешкімнен байқамайтын болыппын.Бәрі дүкеннен алып жатырғанын ғана көреміз.Осыларды қорғау үшін адам кейпінде қарақшыда қойылады.Еңбегіңнің жемісін көріп,өз қолыңмен баптап,айналасына дән екпеседе шыға салатын арам шөптерден тазартып,өсірген көкөніс,жемістердің дәміде ерекше.
Ал саяхаттауға нағыз қолайлы жер деп,тап-таза ауасы бар,жасыл желекке оранған орманы бар ауылды айтар едім.Орманның қоңыр салқын самал желінің өзі бір керемет!Көлде топталып жүзген үйректер,әр түрлі әдемі әуеде ұшқан құстардың дауысы естіген құлаққа жағымды әсер берері сөзсіз.
Әр адамға өзінің туған жері ыстық екені,оны мақтанышпен айтып жүретіні белгілі.Алыста жүрсең туып өскен жеріңнің топырағын,ауасын,ғажайып табиғатын сағынасың.Мен үшін сәби кезімнен бастап,балғын балалық шағымның куәсі болған туған ауылымдай керемет жер жоқ тәрізді!