Ауылға сағыныш

Ер  жеттік те  балалықпен  қоштасып,

Кете  бердік  қала  жақпен  достасып.

Ата-анадан  жырақ  кетіп  ауылдан,

Жаңа  өмірге  аяқ  қойдық  нық  басып.

 

Ауыл  кетіп, қала  көру  арман  боп,

Армандарды  айналдырды  жалған  дөп.

Нулы  дала  өмірінен  өзгеше,

Шулы  қала  көңіліме  сайған  жоқ.

 

Туған  жерім  аңсарымды  аудырдың.

Сағыныштан  өзегімді жандырдың.

Мен  өзіңде  алтыннан  да  қымбатты

Балалықтың  күнделігін  қалдырдым

 

Қолжазбамды  жазып  келем  әлі  де,

Мына  жақта  өзге  екен  бәрі де.

«Бойжеткенмін, есейдім-ау» дегенмен,

Мен  өзіңде  салам  бала әніме.

 

Шулы  қала  өмірінен  өзгеше,

Қолды  сілтеп  тайып  тұрам  бір  күні.

Құшағыңды  аш, еркеңді  күт, ендеше



Бөлісу: