Ауыл - ех шіркін ауылға жетер жер бар ма? Тауы көк аспанмен таласып, арнасы суға толып, көк шалғыны жайқалып, əсем жері табиғаттың көркін кіргізіп көңілге ой саларлықтай болып тұрған бақыттың мекеніне айналған ауылдың орны ерекше. Таң атқаннан кеш батқанға дейін күйбең тіршілік маңыраған қой қозы қалықтаған құстар қыбырлаған жəндіктер жортқан жан жануарлар бəрі бəрі күнкөрістің қамын жасап бір тыным таппайды. Еңбектің көзі міне ауылда десек қателеспеспіз.
Шақырайып күн төбеден түскенде көк шалғында жатып алып құрт қымыздан дəм татып демалғанға не жетсін. Ауыл əрине қарапайымдылықтың мейірімділік пен нағыз еңбектің ордасы. Ауылым алтын бесігім деген халық аузындағы даналық сөз əсте бекер шықпағаны белгілі. Кім болсада өз туған жерін өз ауылын алтын бесігіндей қадірлеп сипаттайтыны сөзсіз. Ауыл ол ғажайыптың отаны шаттықтың қазынасы. Шыр етіп дүниеге келген шақтан өзінің ауасымен соққан самалымен бізге нəр беретін киелі ауылдың қасиетін айтпай кету мүмкін емес. Ауылдың шаңына аунап суына түсіп көліне қармақ салатынымыз тағы бар. Ееее қасиетті ауылым жалпақ жұртқа арман болған құт мекен өзіңде өткен балалықтың бал күндері əлі есімнен кетер емес. Өмірдің бір қызығы не десе ауылда өткен уақытты айтар едім, себебі алуан түрлі əр қилы ауыл тіршілігінің əрбір уақыт əр сəті қызыққа толы десем қателеспеспін сірə! Ауыл жайлы жазғанмен ешқашан жазу таусылып ой аяқталып қызығы бітпейді, мен бүгіндікке ауылда өткен қызықтың ауылдың жақсылық іске бай екендігінің бір бөлігін ғана жеткіздім. Ауыл мен үшін əрдайым жүректе қалатын ұмытылмас тамаша мекен. Ауылда аңсап сағыныштан еске алып еміреніп отқанда жанарыңа жас толып таңның калай атқанын білмей қалатын кездер болады екен ау!
Ауылым менің қасетті мекенім,
Өзіңді ойлап өзіңді аңсап өтемін
Бір ғажайып жер бар десе əрине
Ауылды айтып ауылды жырлап кетемін.