Ауылдың ертеңі қандай?
Мемлекетіміз ауылдың гүлденуі үшін аз жұмыс жасап жатқан жоқ. Халыққа «ауылды бірге көркейтейік», деп үндеу тастап жатыр. Ауылдың тіршілігін жеңілдетіп, суды, кей жерлерге газды да қондырды.Ең шалғай деген ауылдардың өзінде бұрынғыдай ешкім бұлақтың басынан ине ағашпен су тасымайды. Ауылдың тұрғындары да бұрынғыдай сиыр сауып,ошаққа нан жаппайды.Қала тұрғындары секілді ауылда нан мен сүтті дүкеннен сатып алады.Үлкендеріміз ғана таңғы 5-те тұрып тіршілікті бастайды.Ауыл ақсақалдары ғана бақшаға қауын,қарбыз егіп жатады.Ал,қарттары жоқ үйлер қаладағыдай бақшадан алатын өнімдерді сатып алады.Жалпы айтқанда қазіргі күні қала тұрғыны мен ауыл тұрғынының тіршілігі бірдей деуге де болады.Онда неге бәрі ауылдан қалаға қашады? Ауылдан кеткендер қайта оралуға асықпайды.Ауылға келсе, қалаға қайтуға асығады. Ауыл жастары кейін оқу бітіріп қалада жұмыс жасаймын,шет елге барамын деп армандайды және дәл солай жоспарлайды.Ауылда қалатын,қара шаңыраққа ие болып қалатын жігіттердің әңгімесі үй саламын,машина аламын,сосын ата-анамды қалаға көшіріп аламын,сол жақта үйленіп,отбасымды қалада асыраймын деп жоспар құрады. Көпшілігі менің болашақ балаларым ауылда тұрып дамымай қалады,одан қалада боламын дейді. Сонда ауылды көркейтіп не керек? Ауылдан бәрі қалаға кетсе көркем ауыл кім үшін? «Дипломмен ауылға» бағдарламасын көбісі өз қалауымен,ауылды көркейту үшін емес, амалының,жұмысының жоқтығынан ғана барады. Мені алаңдататыны сонда ауылдың ертеңі қандай? Жалпы,ауылдың ертеңі бар ма?Білмеймін,бар білетінім ауыл – ол ең ыстық мекен.