Ауылды аңсаудың қиялы

Ауылды аңсаудың қиялы
жеке
блог
Қалада тұрсаң айналаң шулы,аспаны түтін қалқыған,
Жасандылық көше бойы, сыйлассыз адам шалқыған.
Кеткін кеп өзге аймаққа анау, таппайсың тыным жаныңа
Сол кезде саған қоңырау келед ауыл жақтан балқыған.
«Алло! Балам, қалайсын,сағынбадың ба, туған ауылды,
Сағынбадың ба қолдан еккен қарбызбенен, қауынды!»
Дегенде ырғып ойың кетед, таптым деп сонда жауапты,
Есіңе түсіп сүт,айран мен  бұзаулы сиыр сауынды.
Ауылға келіп жүресін шаңмен әдейі лайлап аяқты,
Таңертең сиыр айдап шығып қолына ұстап таяқты.
Қолында дүрбі,керзі етік,қарайсың қойдың ұзауын,
Еркелетіп басынан сипап сиырдың қалған бұзауын…
Ұйықтап тұрсан,ұйқын қанып көресің ауыл рахатын,
Бүгін қаламгер қалада тұрып, ондағы жайға қапа тым.
Ақынның жаны кеңдікті қалар,кеудесі тарлық көреді
Ақындар содан ауылға барып демалып қайтып жататын