Ауылдағылардың қаладағы агенті

Ауылдағылардың қаладағы агенті
жеке
блог

Ол – әпке. Ауылдағы барлық туыстарының қаладағы агенті. Ауылдан біреуі жұмыстармен келе қалса оның жол көрсетушісі, тілмашы, бір сөзбен адвокаты. Біреуі ауруханаға жатып қалса – күнде ыстық, әрі тегін тамақ жеткізіп беретін аспаз. «Ешкім ауырмаса екен, тамақ тасысақ тек перзентханаға ғана тамақ тасуды жазсын, онда күніне екі рет апаруға дайынмын!». Қазақ елінің түпкір-түпкірінен келіп жатқан туыстарды тосып алып ауылға жөнелтіп жіберу де сол агенттің міндеті. Жыл сайын бір делоны көтеріп алып оқуға түсемін деп келген талапкерлердің талайын колледж, универлерге тоғытты ғой бұл агент.  

Күнде кешкі жетіде інісіне телефон шалып «дәріңді іштің ба? Қазір ішіп ал, қане!» дейтін;

Би кештеріне барып қыдырғаннан ауылға барып үйге ремонт жасап тастауды артық көретін;

Қымбат көйлек алғанша орташасын алып, қалғанына үйге заттар алғанды жөн көреті;

Күнде кешке қарай үйдегілерді түгендеп «Қайдасың? Қашан келесің?» деп қоңырау шалатын;

Әке-шешесін төбесіне көтеруге дайын;

Ұлтжанды, қазақ тілінің қамқоршысы, әділдік үшін кейбіреулермен ұрсысып жүретін;

Өзінен бұрын жақын жандарының көңілдері тыныш, бақытты болғанын қалайтын, солардың қуанышын көріп өзін бақытты сезінетін қамқор әпкеден айналдым

Осындай әпке – менің құрбым болғаны қандай керемет!