Ауыл мен қала жігіті қандай болуы керек?

Ауыл мен қала жігіті қандай болуы керек?
жеке
блог

Қала мен ауыл тумасының түсінігі әр қалай дейтіндер бар. Сіз қалай ойлайсыз? Алдымен тақырыптың өзектілігін байқап көрелік. Екі түрлі тәрбие, екі түрлі ділдік пайым мен көзқарас. Ендеше жігіттер қалаға келіп, өзгеше өмірдің сағымын көріп, өзгеруі бірде дұрыс әсер етсе, кейде кері кесірін де қалыптыстыратын кезі болады.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ауылдан арман қуып келген қазақ баласы өте қарапайым, өзі төзімді болып келеді. Ал қаланың жігіті ше? Ол қара жұмысты көрмеген, бірде-бір қиын өмірді өткермеген, төзімсіз, ақсүйек боп өскен болады. Сіз онымен келісесіз бе?

Әрбір қаланың немесе ауылдың баласы болсын, өзіндік артықшылықтары бар. Расында, ауыл жігіті қаланың қызымен көңіл қосқысы келіп, өзгергісі келетіні де бар. Қалалық менталитетке бейімделгісі де келеді. Сырттай "мамбет" дегенді есітпеуге тырысып бағады. Ал қаланың жігіті алдымен өз ретін біліп жүретін, жинақы көрінеді. Кез келген қыздың көңілінен шыға алатын кейіпке ене алатын сөзге шебер, көсемсөз болады. Бұл жағынан ауыл жігітінің орысшаға шорқақтығы да дес беруі мүмкін. Тілдік көзқарастың да талай мәселе туындатуы әбден мүмкін.

Сонда менің айтайын дегенім, кімнің кімге қарай өзгеруі керектігінде емес. Ауылдың тәрбиесі бөлек. Ауылдың жігіті сол менталитетті сақтап, қалада жүргенде де өзін біркелкі сезіне алатын болса болғаны. Қаланың бір күндік өміріне елігіп кетпеуін айтамын. Әйтпесе, өмірдің бары осы екен, деп делсіз, далсыз, қарымтасыз өмір сүре берсе, ол жігіттің азғынып кеткені болады. Қаланың да дұрыс жүретін жігіттері бар. "Әке көрген оқ жанар" демекші, алдымен дәкесін біліп, озбырлығын алға тартпаса болғаны. Мына ердің тылсымы сонда көрінбек.

Ал сіздің ойыңыз қалай?