Ауыл көктемі
Дүние мынау жап-жасыл болып кетіпті-ау мен көргеннен,
Сұлуын, сірә, көрмедім мұндай көктемнің ешбір жерден мен.
Дүр сілкіндіріп, той жасап жатыр жасыл әлемнің үстіне,
Тербетіп бүгін тың дала төсін еңбекшіл елім жерді емген.
Шаттыққа бөлеп, шырқайды құстар еркіндік әнін көктен мың,
Сағынып қапты сұлу бейнесін жан-жануар да көктемнің.
Адамзат-асыл асығып жеткен, нұрланып кеткен құлпырып,
Күн көзі жарық сәулесін шашып, шуағын жерге төккен мың.
Жусанның исі мұрынды жарып, ауаны кернеп кеткені,
Жүзіме жылы, жұмсақ тиеді самалдың сипап, өпкені.
Бұрынғылардан басқаша болып, жер-дүниені жаңаша,
Жауын-шашынмен жуындырғалы оралды ауыл көктемі.