Ауыл жағдайы

Ауыл жағдайы
жеке
блог

                                           

Қазақ спорты қашан дамыйды деген сұрақ жиі қойылатыны рас, Алайды осы сұраққа нақты жауап берген адам баласы жоқ.Қолдау көрсетіліп жатыр, бәрі жақсы деумен ғана шектелеміз, неге бұлай сол қолдаудың нәтижиесі көрінбейді.Өткенде Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылына барғанымда еркін күрес залына кірдім,енді шыны керек жылағым келді.Жас спортшылар сол ауылдың мектебінің бір бөлмесінде ғана дайындық жүргізуде.Іші тар еш мүмкіндік жоқ, тіпті еркін жүреде алмайсың.Осы ауыл басшылары не қарап отыр екен,пайдасыз демалу орталығын салғанша,осы бір кемшілікке қарамайма.Парк саламыз деп қаражат бөлдіреді, салған парктың түрі анау оқушыларға қара ағаш еккізіп,су ақпайтын бұрғақ жасап, парк салдық деп мақтанады.Кімді алдайды халықты ақымақ санайма.Ел басы айтқандай елімізге пайдалы іс келтірейік дегені осыма? пайдасынан зияны көп,жүрегің осыған қарап қайран қазағым деп ауырады.Осыдан кейін әттең деумен ғана қаламыз,бұның бәрін басшылық өз қолына алса деймін,қазақ халқын бөтен емес өз жұртым деп сана дұрыс болар еді.