Ауыл

Мен ауыл десе ішкен асымды жерге қоятын тентек,қайсар мінезді қыз болып өстім.Туған жерім ауыл болмаса да,балалық шағым өткен жер еді.Ата-әжемнің қасында жүріп,ақыл тыңдау,аулада көрші балалармен түн батқанша ойын ойнау,қорада жүрген малдарға қарау маған қатты ұнайтын.
    Жаз мезгілі.Қарама-қарсы үйдегі әтештің даусынан оянып кетіп,далаға шықтым.Есікті аша қалғаным сол еді,күннің нұры бетіме түсті.Есік алдында атам мен әжем,туысқан тәтем бұрқыратып шай ішіп отыр екен.Атам мені қасына отырғызып,үстел үстінде тұрған жаңа піскен нанға майды жағып берді.Өзім тойсам да,көзім тоймай жей бердім.Атам ас қайырған соң,әжеме үстелдегі заттарды жинауға көмектестім.Әжем бауырсақ жасауға кірісіп кеткен.Атам болса сырттағы тірліктермен айналысып жатыр.Татем ауланы сыпырумен қолы босамай жатыр.Мен болсам піскен бауырсақтарды қолыма толтырып,  далаға жүгіріп шықтым.Шыққан бетім сол еді,мені көрген тәтем:
-Тоқта,қазір су таситын уақыт болды.Шелектерді бөліп аламыз,ешқайда кетпе,-деді.
Ыстық бауырсақтарды жеп алып,тәтеммен бірге суға бардым.Су алатын жердің қасында ұзын лас көл болатын.Бұл арық жайлы үлкен кісілер “арықта көп жыландар бар,жоламау керек”-деп айтатын.Достарыммен бірге жүргенде
арыққа жолауға қорықатын едім.Су алатын орынға келіп жеттік.Шелектерді тәтемнің жанына қойдым да,арықтың ортасындағы  тақтайына тұрып алдым.Менен алыс жердегі татем маған мән бермей,өз жұмысына кірсті.Екеумізден басқа адамдар судың басына келе қоймаған кез. Айналамда түрлі көбелетер мен инеліктер  ұшып жүр.Қызығып,үлкен әдемі инелікті ұстауды көздедім.Өзі ерекше үлкен,қанаты жарқырап тұрды.Жай қолымды былғай салып,ұстағым келді.Оңайлықпен ұстала қоймады.Бір кезде инелік менің тұрған жерімнен алыс шөпке қонды.Мен беріле салмадым,қолымды одан сайын соза жөнелдім.Болмаған соң,аяғымды жібере сала ұстап едім,арықтағы лас суға құлап қалдым.Барлық қызығым бір сәтке басыла қалды.Үлкендердің жылан туралы айтқаны есіме түсіп,жылап жібердім.
-Тәте,көмектесші-деп, қайта-қайта судан басымды бір-екі шығарып айқайладым.Мені көрмей шелектерді толтырып жатқан еді.Тақтайға шығайн десем,бойым жетпей жатыр.Жүзіп шығайын десем,жүзе алмайтыным тағы бар.Ойыма түрлі жаман ойлар келді.Тағы тырысып,бар дауысыммен айқаладым.Әрең дегенде,мені байқап қалды.Жүгіріп келіп,қолымнан тартып шығарды.Лас судан шыққан мен аң-таң болып тұрмын.Үстімнен жағымсыз иіс шығып тұр.Сау жерім қалмаған,құлағымның іші суға толы.Жартылай естіп,көзімді әрең ашып тұрдым.Татем не ұрысарын,не күлерін білмей үнсіз қалды.Мені жетектеп,толған шелектерді ұстап,уйге бет алды.Уйге жеткен соң,болған оқиғаны әжеге айтып бердім.Сәл ашуланып,сабақ болсын деп:
-Мынауын не?Киімдерінді отырып жуып ал!-деді.
Жуынып,өз-өзіме келіп,реттеліп алдым.Татем мені ұйқыға жатқызды.Не болғанын түсінбей,ұйқымнан тұрдым.Дастархан басына келіп жайғастым.Үшеуі мен жайлы әңгіме айтып,күліп жатыр екен.Әжем маған жымиып қарап:
-Үлкендердің сөзін енді тыңдайсын ба?Ақылды қыз боласың ба?-деді.
Ұялып,төмен жерге қарап қалдым.Кеш болса да,қатемді түсінгендей болдым.
Осы оқиғадан кейін,үлкендердің ақылын тыңдайтын болдым.



Бөлісу: