Ауруына ем іздегендерге таптырмас мекен

Ауруына ем іздегендерге таптырмас мекен
жеке
блог

Алматы шетіндегі Каменкаға кететін тау бөктері, Орта Азияға танымал шипажайымен ерекшеленеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінен дертіне дауа іздегендер осы аймақтағы "Ақ бастау" шипажайына ағылып жатады. Осы ретте, жақында анам екеуіміз аталған емдік орталығында демалып келген болатын :) Бүгін мен сіздерге аталған орын жайында айтқым келіп отыр. 

«Ақ бастау» шипажайы – еліміздегі тамаша демалыс орындарының бірі. Бұл шипажай сауықтыру және емдеу медицинадағы маңызды бағыттардың бірі болып саналады.

 

Шипажайдағы емдік процедуралардың  шипасы зор, адам ағзасына өте пайдалы. Бізді әр күн сайын таңертең дәрігер тексеріп тұрды.

 

Емдік-сауықтыру массажын жасайтын мамандар да келді. Сондай-ақ, емдік мақсатта ванналық процедрура мен саунаға түсіп, тәнімізбен қатар, жанымызды да тазарту мүмкіндігіне ие болдық. Сонымен қатар, тұзды шахта (соляная шахта) қызметін тұтындық)

 

Тұздың емдік қасиеттерін адамдар ертеден-ақ білген. Тұздың адам денсаулығына тигізер пайдасы орасан зор. Тамақтың дәмін кіргізетін кәдімгі ас тұзы ауыз қуысы мен тұмауды емдеуде жақсы көмектеседі. Тіпті, тұзды пайдаланып буын мен тамыр ауруларынан бастап, артық салмақтан арылуға дейін болады.
 
 
 Сонымен  қатар, емдік фито -чайын ішкеннен болар, үнемі көңіліміз сергіп жүрді:)
Сонымен бірге, магнитерапия де біздер үшін таптырмас ем болды)

 

Бұл емдеу орнында ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді.

шипажайына тек біздің елдің азаматтары ғана емес, сырт мемлекеттен келетіндер жеткілікті.