Ауруын жасырған арам өледі
блог
«Ауруын жасырған арам өледі». Өкінішке орай, бұл шындық. Қазақстанда жыл сайын 35 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады. Статистикалық деректерге сүйінсек, соңғы 20 жылда онкогологиялық сырқатқа шалдыққандар саны орта есеппен 25%-ға өскен. Әсіресе кейінгі жылдары аты жаман ауру ерекше белең алып барады. Сырқаттанғандардың талайы жастар. Бұл мәселенің өршуі жайлы Мәжілістің пленарлы отырысында депутат Сұңқар Ислам да атап өтті. Оның айтуы бойынша, жыл сайын елімізде 13 мыңнан астам адам обырдың салдарынан дүниеден озады.
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде ауруға шалдыққан адамдарға арнайы көмек көрсету қорлары ашылды. Желіге науқастың бейнесін жариялай отыра, көмек сұрайтындардың саны аз емес. Көп жағдайда онкология ауруларын емдеуге біздің отандастарымыз өзге елдердің медицинасына жүгінеді. Бұл факт біздің медицина саласының әлсіздігін растайтындай.
Обырды емдеуден әлем бойынша Израиль мемлекеті көш бастап тұр. Жалпы Израильде аналық бездің қатерлі ісігін емдеудің негізгі әдістері ісік түріне және оның таралу дәрежесіне байланысты хирургия, химиотерапия және сәулелік терапия болып табылады. Мұндай жағдайларда қолданылатын хирургиялық емшара радикалды орхиэктомия деп аталады. Статистикаға сәйкес, медициналық туризм аясында жыл сайын Израильде 35 мыңнан астам адам емделеді. Олардың шамамен 50%-ы Ресейден, Украинадан және ТМД елдерінен келеді. Недегенмен обыр ауруының емін әлі ешкім ойлап таппағанын еске сала кету жөн. Дәрігерлер тек аурудың өршігуін баяулатып, өмір сүру ұзақтылығын белгілі бір уақытқа ұзартуына кепілдік бере алады.
«Сақтықта қорлық жоқ» дейді халық даналығы. Денсаулықты күту аса маңызды. «Күту» сөзінің астары да терең екенін ескеру қажет. Қатерлі ісік және басқа да жұқпалы емес аурулардың пайда болуына темекі мен алкогольді тұтыну, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмен деңгейі және ауаның ластануы себеп болуы мүмкін. Сол себепті, өз саулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпаған абзал. Денсаулықта болмашы кінәрат болса, бірден дәрігерге жүгіну маңызды. Уақытты құр өткізбей, дер кезінде саулығымызды қолға алу – талай қатердің алдын алады.