Әулие Валентин күнін мерекелейсіз бе?

Қазақстанда сәуірдің 15-ін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні деп атамақ. Білетіндердің айтуынша, бұл күн ешбір құжатпен белгіленбеген, ешбір тарихи оқиғаға да байланбаған. 

МЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Журналист Талғат Балтабай бұл күн ең алғаш 1999 жылдан бастап аталып өткен дегенді айтады.

– Бұл мерекені атап өтуді, негізі, бірінші боп республика көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы Дархан Мыңбай деген кісі ұсынып, жастар ұйымдарын, оқу орындарын, ақпарат құралдарын соған шақырған. Батыстағы мерекелерді ескеріп, ешқандай күнге тура келмесін деп дәл осы күнге қойылған болуы керек, – дейді Талғат Балтабай.

Қазақстанда «Еңлік–Кебек», «Қыз Жібек» сияқты түрлі ғашықтардың атымен аталатын махаббат мерекесін тойлау туралы ұсыныс айтылып та, жазылып та жүр. Іс жүзінде олардың ешқайсысы 14 ақпан күнгі «Әулие Валентин» сияқты кең дәрежеде аталып өткен емес. 



Бөлісу: