Әулие Валентин күні

Соңғы жылдары елімізде 14 ақпанды басыбайлы «Әулие Валентин күнін» тойламау туралы мәселе көтеріліп жүрсе де, бұл күнді жастар атаусыз қалдырмайды. Әсіресе, студенттер мерекені қалай атап өтуді жоспарлап, алдын ала сүйіктілеріне сыйлық алады. Бұл уақытта қала дүкендері мен  базардағы сатушылардың  айы оңынан туып, сауда қыза түседі.  
«Әулие Валентин күні» жақындағанда базар сөрелерінде түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелер мен ленталар, қос ғашықтың суреті бейнеленген қызылды-жасылды бұйымдар көздің жауын алып, жайнап тұрады. Бағалары да әр түрлі. Мәселен, ең кішкентай ашық хаттардың «валентикалардың» құны елу  теңгеден басталып 500 теңге болады. Орталық базар сатушысының бірімен тілдескенімізде, мұндай бұйымдар негізінен көрші елдерден әкелінетінін, студенттер мен оқушылары тарапынан сұраныстың жоғары екенін байқадық. 

Саралап, талдап пікір қалдырсаңыздар. Мектеп оқушысынан студенттерге дейін аталып өтетін бұл мерекенің маңызы және қызығы неде? Бұл мерекенің сіздер үшін орны қандай, атап өткенді ұнатасыз ба? Әлде жат мереке деп санайсыз ба?



Бөлісу: