1997 жылы қыркүйектің 10-20 аралығында Ташкентте Әуезов күндері өткізілді. Оны Өзбекстан Жазушылар одағы, Өзбекстан қазақтарының мәдени орталығы, «Нұрлы жол» газетінің редакциясы ұйымдастырды. Бұған Қазақстаннан Қалубек Тұрсынқұлов бастаған делегация, құрамында Шерхан Мұртаза, Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы, Зейнолла Серікқалиев қатысты.
Осы жолы өзбек ғалымы, академигі, жазушы-драматург Иззат Атаханұлы Сұлтановпен Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы ұзақ әңгімелесті. «Заман-Қазақстан» газетінің №33 (206) санындағы мақалаға енбей қалған деректі Иззат Сұлтанов өзі ауызбен айтады...