Әуеде де көлік бар
блог
« Самолет, қанатыңды тастап кет!» Кішкентай кезімде аспаннан әлдебір дыбыс естілсе осылай ақайлап, екі қолды кеңге жайып, ұшақ болып «ұшатынмын». Мамам «Студент кезімде Қарағандыдан Ташкентке дейін 18 сомға ұшып келетінмін» дегеннен кейін, «аспандағы өмірге» қызығушылығым оянған-ды. Кейін «діттеген жеріңе уақытылы жету үшін поезбен, тез жету үшін ұшақпен бар» деген сөзді естідім. Ішімнен «әй, қайдам! Оған тек байдың балалары мінеді ғой» деген түсінік пайда болды да, «аспандағы өмірді» қиялға балап, қолымы бір сілтеген едім. Құдай мені мына өмірден армансыз кетсін деді ме, білмеймін, блогиаданың арқасында «аспандағы өмірмен» таныстырды, қызық көретін жерде қауіптің де болатынын ескертті, ұшқышпен кездестірді.
Ең алғаш рет 1972 жылы аспанға көтерілген едім. Ұшақ басқарып келе жатқаныма, міне, 40 жылдан асты. Бірақ, ұшаққа мінген сайын бірінші рет басқарып тұрғандай күй кешемін. Халық авиацияны ең қауіпсіз жол деп түсінеді. Бірақ, мүлдем олай емес. Ұшақ көзге бір болып көрінгенімен оның құрылысы мүлдем басқаша. Ол - техника. Техникаға сенім жоқ. Мысалы, мен- пилотпын, менің міндетім – жолаушыны барар жеріне жеткізу, аман-есен жеткізу. Ұшақтың жағдайы, жолаушылар, сенің көмекшілерің бәрі сенің мойныңда болғандықтан жауапкершілігің мол болуы тиіс. «Аспанда» 40 жылдан астам уақыт болсам да мен де қорқыныш бар. Жалпы, жылына мыңдаған борд серіктер, ұшқыштар дайындалса, соның 35-40 шақты ұшқыш өмірімен қоштасып жатады. Бірақ, жұмысымның жақсы жері - адамға заряд береді.
Егемендік алғаннан кейін америкалық Боинг корпорациясының жолаушылар ұшағын басқардым. Ол біраз ескілеу, бірақ алысқа ұшады. 4-5 сағаттан Вангокка, Малайзия, Пекинге ұшатынбыз. Жақында ғана «Эйрбас» корпарациясының жолаушылар тасмалдайтын ұшағына ауыстырылдым. Жалпы, қандай ұшқыш болсын өз мамандығының маманы болуы шарт, (тем более) Қазақстанда. Шет елдерде, соның ішінде, Корея, Еуропа елдерінде, Жапония, Канадада бір ұшақты 4-5 комондир басқарады. Ал бізде бір ұшаққа екі адамнан берілген. Себебі, маман тапшы. Қазақстанда ұшқыштар сұранысқа ие, бірақ дайын маман аз. Басшылық шет елден тәжіребиелі жастарды арнайы шақыртып, олардың бар жағдайын жасап отыр. Қазір Қазақстан Финляндиямен ұшқыштар дайындауға келісім жасады. 1-2 курстарда жақсы оқысаң келісім бойынша Финляндияға ауысасың. Мұндай мүмкіндік Алматы қаласында Азаматтық авиация академиясында қарастырылған.
Ұшқыш болам деген адам ең әуелі төмендегі шарттарды орындауы тиіс:
- Ø өз-өзін дайындау
- Ø нақты шешім
- Ø денсаулық
- Ø характер
- Ø физика-математика
- Ø шет тілі
P.S.: Әуе компаниясының келісім шарты бойынша автор автор өз атын жарияламауын сұрады.