Әуе акробаттары Көк-төбені бағындырды

Әуе акробаттары Көк-төбені бағындырды
жеке
блог

- Әке, бұл қандай мұнара?!

- Бұл Көк-төбе мұнарасы. Мұндай мұнара Мәскеу, Ташкент және біздің Алматыда бар. Телевизиялық мұнара заманында арнайы салынған

 

Бұл диалог кезінде мен 5 жастағым бала едім. Сол кезде алғаш рет көрген мұнара, осы диалог менің телевизия саласына деген қызығушылығымды оятқан еді. Көк төбе мұнарасына көтерілгім келетін. Кейін арманым орындалып, Көк төбе мұнарасына шыққанда биіктіктен көргенде Алматының кішкентай ғана нүктеге айналғанда таңқалдым. Биіктіктен қорқатын жандар мұнараға алыстан ғана қарағаны жөн. Себебі, Көк төбе мұнарасының ішінде болған менің өзім біраз сескеніп қалған едім. Ал кейбіреулер іші былай тұрсын, мұнараның сыртқы жағынан айналып үлгеріпті. Олар Red Bull Skydive Team әуе акробатика бойынша ең танымал халықаралық командасының атлеттері. Red Bull Skydive Team әуе акробаттары командасы 2012 жылдан бастап батыл секірулерімен және өзіндік идеяларымен таң қалдырады. Дәл олар 2015 жылы 4000 м биіктікте ұшып бара жатқан тікұшақтан индонезиялық жанартаудан секірді. 2016 жылы атлеттер бірнеше жүз метр биіктікте парашютке ілінген, әткеншектер тепкен жобаны орындаған болатын. Командалар арасында аэробатика бойынша көптеген рекордтар бар.

Команда Қазақстанға алғаш рет 2017 жылы келіп,  сол кезде атлеттер Бэйс-джамп Нұр-сұлтан аспанының шатырынан секірді. Марко Вальтеншпиль, Марко Фюрст және Даниэль Дэ Ла Бланка Алматыда алғаш рет болып қайтты. Экстремалдарды теңіз деңгейінен ең биік телемұнара-Көк-Төбе қызықтырды.

 

Жобаны дайындауға шамамен бір жарым ай уақыт кетті. Атлеттер Қазақстанның табиғаты мен қар жамылған тау шыңдарына таңырқап, соны бағындырғысы келді. 

"Біз Нұр-Сұлтанда бірнеше жыл бұрын болғанда әуе спорты үшін елдің жоғары әлеуетін байқадық. Қазақстанға оралу шешімі қабылданып, біздің жоба үшін келесі қала ретінде Алматыны таңдадық. Біз ұшуды орындау үшін бірнеше споттарды қарастырғанбыз. Оның ішінде, Алматы көлі (ескертпе- ҮАК) және телемұнара. Біз телемұнара – әрине тауларды қоспағанда қаланың ең биік нүктесі екенін анықтадық. Жобамыздың идеясы осылай пайда болды. Ұшу сәтті өтті, керемет рахат алдық. Күн сайын телемұнараның антеннасының айналасында және осындай үлкен қала сенің астында орналасатындай, ұшып жүрмейсің. Бұл өте әдемі және керемет! Көк-төбеден кейін, біз тоқтап, Үлкен Алматы көлінен екінші рет секірдік. Бақытымызға орай, ауа райы өте қолайды болды, бұл вингсьют секіру үшін тамаша жағдай. Қызметтер кәсіби жұмыс істеді. Жерге қонғаннан кейін біз Алматыда келесі жобаның идеяларын талқылай бастадық. Әзірге бұл жоспарды құпияда ұстаймыз. Алдағы екі жылда оны жүзеге асырамыз деп үміттенеміз", - деді Марко Вальтеншпиль.

 

Ұшулар қаланың барлық жауапты қызметтерінің келісімі бойынша 18 және 20 маусымда өтті. Ан-2 ұшағы атлеттерді Бутаковка шатқалында орналасқан, 4 000 метрге жуық биіктікте белгіленген лақтыру нүктесіне жеткізді. Спортшылардың винг-сьютарда әуеде ұшуы шамамен екі минутты құрады. Атлеттер Көк-Төбе телемұнарасын басып озып, одан 220 м биіктікте небәрі 10м ұшып өтті де, төбеге қонды.  Бұл бірегей секіруді іске асыруға және барлық ұйымдастыру мәселелерін шешуге Red Bull Skydive командасына Visit Almaty компаниясы, Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының Туризм басқармасы көмектесті.