Аудиториямен жұмыс істей білеміз бе?

  Тыңдаушының құлықсыздығымен күресу оратордың маңызды міндеті.Сөйлеуші тыңдаушының ықыласын аудартудың бірнеше тәсілдері бар.
1.Тыңдаушылардың назар аударуын талап ету.Тосын сұрақтар қойып,ара-арасында кідірістер жасау;
ž2.Еліктіру.Ынтасын ояту-әңгіменің не жайлы болатынын бірден ашып айтпау;
ž3.Сұрақ-жауап тәсілі.Аудиторияға сұрақ қойып,өзі жауап береді.Бұл аудиторияны қызықтырып пікірталасқа алып келеді.
ž4.Көркем әдебиеттерден мысалдар қолданып,қанатты сөздер айту.
ž5.Сөз арасында әзіл-қалжыңды орынды қолдана білу.
ž   Ауызша сөйлеудің шеберлігін танытудың жолы-әр сөз алған адам сөзінің маңыздылығының тиімді шарты.Шындығында сөз тыңдалу үшін,дұрыс қабылдану үшін,әсерлілігімен есте қалу үшін қажет.Тыңдаушы сөйлеушіні мұқият тыңдамаса,әркім өз шаруасымен айналысып отырса онда оның еңбегі зая,сөздің тиімділігі нөлге тең.
ž   Контакт дегеніміз оратор мен аудиторияның психологиялық жағдайының жалпыға ортақ сипаты.Халықта «Сөз жартылай сөйлеушінің иелігінде,жартылай тыңдаушының иелігінде”-деген сөз тегін айтылмаса керек.Оратор мен аудитория арасында байланыс орнатудың негізгі алғышарты,ол-оратордың тыңдаушыларға деген шынайы сыйластық сезімі.
ž  Тыңдаушылар бір мезетте көрермендерге айналады.Оратор трибунадан көтерілгеннен бастап,тыңдаушылар оны сынап,бағалай бастайды.Ең басты назар оратордың сыртқы келбетіне,киім киісіне ауады.Одан кейін оратордың әрбір іс-қимылын қалт жібермей бақылап отырады.Қайда қарап сөйлеп тұрғаны да назардан тыс қалмайды.Аудиторияның әр бұрышына ауық-ауық көз тастап,дұрыс контакт орнатуға болады.
   Бұл кеңесім бір керегіңізге жарар деп сенемін!


Бөлісу: