Жоспары:
Тарихы Қазақстандағы аудиокітап өндірісі Аудиокітаптардың бейнелері Дайындау технологиясы Сапа ерекшеліктері Артықшылықтары Кемшіліктері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізіміТарихы
Көпшілік арасында жаңадан «Аудиокітап» деген түсінік қалыптаса бастағаны белгілі. Ал оының не екенін біріміз білсек, енді біріміздің білмеуіміз қалыпты жағдай. Неге десеңіз, біздің қоғам әлі де аудиокітап жайлы толыққанды хабардар емес. Білетін азаматтар оны соқырларға арналған «Сөйлейтін кітаптармен» шатастырып жатады. Шынтуайтынына келер болсақ, осы кітап түрінің алғаш қалыптасуына, олардың таралуы мен қоғамға сіңісуіне расымен де көздері көрмейтін азаматтар себеп болған.
Егер де тарихқа үңілсек кітаптың мұндай түрінің пайда болуын 1931 жылы алғаш рет АҚШ конгресі көзі көрмейтін және нашар көретін тұрғындарды қолдау мақсатында «Соқырларға арналған кітаптар» («Books for the blind») бағдарламасын қабылдауымен байланыстыруға болады. Осыдан бір жыл уақыт өткеннен кейін Америкалық Соқырлар қоғамы «Сөйлейтін кітаптарды» тегін тарата бастайды. Бұл аудиоөндірісте айтарлықтай ілгерлеушілік тудырды.
1952 жылы түңғыш Америка Құрама Штаттарында балаларға арналған комерциялық Дилан Томастың дыбыстауымен «Уэльстегі балалар Рождествосы» («Children’s Cristmas in Wales») аудиокасетасы сатылымға шығарылған еді.
Ал енді аудиокітап өндрісінің КСРОдағы тарихына тоқтала кетейік, бастамасын 1961 жылы Жалпыкеңестік Соқырлар Қоғамы аталмыш салаға бет бұруынан қарастыруға болар еді. Тек 1969 жылы ғана Вильнюс электротехникалық зауытында таспаны 2,38 см/с жылдамдықта таспа оқитын тифломагнитафондар өндіре бастайды. Олар «аудиокітапты» тыңдау барысында таптырмас құрал болып табылды.
1979 «Recorded books» компаниясы аудиокітаптар жазуға кәсіби әртістерді шақырады. Аталмыш қадам оларға орасаң зор табыс әкеледі.
1980 жылдардың ортасында батыс баспалары тек қана кітаптар басып шығаруға ғана емес, сонымен қатар олардың аудио жазбаларын дайындауға да айрықша құқықтар сатып ала бастайды. Осы сәттен бастап қарқынды дамыған сала бүгінгі таңда көптеген баспалардың арнайы аудио бөлімдері ретінде жұмыс жасайды.
Аудиоэволюция мұнымен тоқтап қалмай, 1987 жылы Аудиобаспагерлердің кәсіби ассоциациясы (Audio Publishers Association) құрылады.
2002 жылдан бастап әлемнің біраз елдерінде кітаптың басылған түрімен қатар аудио нұсқалары да бірге жарық көре бастайды.
2006 жылы «Piper Jaffray» агенттігінің таратқан ақпаратына сенер болсақ тек аудиокітаптардың таралымынан әлем нарығы 800—850 млн доллар пайда көріп отыр екен.
Ал осы жылғы шілде Ресейлік «Ардис» баспасының деректеріне сүйенер болсақ ТМД бойынша Ресей Федерациясындағы аудиокітаптардың жылдық айналымы 7-8 млн долларды құраған екен.
Қазақстандағы аудиокітап өндірісі
Елімізде аудиокітаптарды өңдіру енді ғана жүйелі түрде қолға алынып келеді. Өзге елдердегідей бізде де аталмыш форматта кітап шығару идеясын алғаш болып 2000 жылдардың басында «Қазақ Соқырлар Қоғамы» көтерген еді. Соның нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Алматы қаласында орналасан ҚР Мәдениет министрлігінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» ұжымы қолға алған болатын. Бастаманы көтергендердің арасында қазіргі мідениет саласының ардагер қызметшісі Сапелькин Александр да болды. Оның айтуынша Қазақстанда «сөйлейтін кітаптардың» пайда болуымен көзі көрмейтін қазақ азаматтардың өмірі сәл де болса жеңілдеді. Енді олар көздері көретін адамдарға «ананы оқып берші» деп жалынбайтын халге жетті. Олар үшін бұның өзі өмірге деген талпыныс еді.
Кітапхана ұжымы осы жылдардан бастап жүздеген кітаптардың адионұсқаларын дайындап, оқырманға ұсынған екен. Алғашқылардың брі болып «Қыз Жібектің» лиро-эпостық жыры оқылған көрінеді.
Кейіннен «Жазушы» баспасы арнайы «Аудиокітап» сериясын шығарды. Аталмыш жоба барысында қазақтың біртуар азаматтарының шығармашылық жұмыстарының дыбысталған нұсқалары CD дискілерге жазылып, еліміздің түпкірлеріндегі мектептер мен өзге де қоғамдық-мәдени ошақтарға таратылды. «Мектеп» баспасы да өзінің аудиокітап өңдірісін бастап кетті. Қазіргі таңда бұл сала енді қолға алынып келе жатқандықтан жылдық айналым жайында нақты деректер жоқ.
Елімізде i-kitap.kz сайты осы бағытта жүйелі түрде еңбек етіп келеді. Ғаламтор қолданушыларының арасында аудиокітаптарды тыңдайтындардың да бар екендішгін ескерген сайт ұжымы аудиотуындыларды дайындау технологиясын үздік меңгере отырып, оқырманға музыкамен көркемделген сапалы, даусы қанық аудио форматтағы кітаптар ұсынуда. Қолданушылар арасында порталдың оқырмандары дәл осы артықшылықтарының арқасында күн өткен сайын көбейіп келеді.
Аудиокітаптардың бейнелері
«Жазушы» баспасынан жарық көрген аудиокітаптар
«Ұлпан» Ғ. Мүсірепов «Абай жолы» М. Әуезов
«Жорық жырлары» «Атау кере» О. Бөкей
«Мектеп» баспасынан жарық көрген аудиокітаптар
«Дермене» Д. Исабеков «Бақытсыз Жамал» М. Дулатов
«Шолпанның күнәсі», «Батыр Баян» М. Жұмабаев
Ресейлік аудиокітаптар
Балаларға арналған аудиожинақтар
Дайындау технологиясы
Негізінен аудиокітаптарды дайындаудың көп таралған екі әдісі бар.
Бірінші әдісі: кітаптарды кәсіби дыбыс жазу студияларында арнайы шақырылған әртістер оқиды. Содан кейін жазылған дыбыстың астына музыкалық немесе дыбыстық сүйемелдеулер қойылады.
Соңғы кездері LibriVox жобасының аясында бұдан бөлек аудиокітаптарды үй жағдайларында жазуға да мүмкіндік туды. Бұл жазбаларды негізінен бір адам жазып, оны оқып, тегін таратады. Көбінесе ғаламтордың қолданушылары өздерінің жеке парақшаларына салып қояды. Десе де осылай дайындалған аудиокітаптардың сапасы өте төмен болады. Ал кейбір жағдайда кәсіби жазылғандардан да асып түсетіндері кездесіп жатады.
Екінші әдісі: Тілді синтездеу бағдарламаларын қолдану арқылы жазу тәсілі. Алайда бұлай дыбыстау көпшілік арасында қолдау таба бермейді. Оған негізінен жазбаның біріңғай яғни монотонды болуымен түсініктеме беруге болады. Бұл әдіс көбіне театрларда, сахналық қойыдымдарда әртістің репликалық жазбаларын дайындау үшін қоланылады.
Сапа ерекшеліктері
ü Жақсы естіледі;
ü Бөгде шудың, артық дыбыстардың болмауы;
ü Дыбыс тембрінің қанықтылығы;
ü Жақсы мәнермен оқылуы;
ü Екпіннің дұрыс қойылуы;
ü Таңдалған әуендердің (болған жағдайда) әуезді әрі оқылып жатқан шығарма мағынасын ашуы;
ü Тыңдарманды өзіне тарта алатындығы.
Артықшылықтары
ü Адам көзінің көру қабілетін сақтау барысында көзге салмақ түсуі азаяды;
ü Шығарманы жазған автордың өзі оқуы немесе бөгде адамдарға оқыту арқылы эмоцияны, көңіл-күйді бере алады;
ü Кітап оқи алмайтындардың (көзі көрмейтін азаматтардың, егде жастағылардың, әлі әріп танып үлгермегендердің) оның мазмұнын өзге адамның көмегіне жүгінбей өзі біле алады;
ü Тыңдау барысында басқа іспен айналыса беруге болады;
ü Бірнеше том кітаптарды бір ғана аудиожолаққа сыйдыруға болады;
ü Кітаптарға қарағанда бөлмеде орынды, сөмкеде салмақты үнемдейді;
ü Оқуға ыңғайсыз жерлерде (көлікте, қараңғыда т.с.с.) еркін тыңдай бересіз.
Кемшіліктері
ü Тыңдау оқуға қарағанда баяу іске асады;
ü Аудиокітаптарды жазу барысында оны басып шығаруға қарағанда көбірек уақыт алуы мүмкін;
ü Мәтіндік деректерге қарағанда аудиокітаптар көп жадыны алады. Мысал ретінде қарастырар болсақ, мәтін небәрі 2-3 МБ жадыны алар болса, дәл осы мәтін аудио форматтағы өнім болса кем дегенде 700 МБ орын алуы мүмкін;
ü Қазіргі кездері көп таралған Ogg, Vorbis және MP3 форматтары мұрағаттаушы (архиватормен) қысқан жағдайда сапасын жоғалтады;
Қорытынды
Аудиокітаптардың өндірісі біз ойлағаннан да күрделі әрі оңай екендігін байқауға болады. Әр түрлі саладағы азаматтардың кітап оқуын мейлінше оңтайландырып беретін аталмыш саланың болашағы зор болары сөзсіз. Олардың тек қана көрмейтін адамдарға ғана емес, сонымен қатар қоғамның біраз бөлігіне тигізер пайдасы басым.
Аудиокітаптарды өміріміздің бір бөлшегіне айналдыруға ұмтылу керек секілді. Тіптен болашақта аталмыш саладан қыруар қаржы да тауып, кәсіп көзіне айналдыруға болары сөзсіз.
Күнделікті құлаққап арқылы түрлі әуендерді тыңдап, уақытты құр босқа өткізгенше, сауатыңды ашып, кітаптарды тыңдағанға, сол мезетте белігілі бір жұмысыңды бітіріп алғанға не жетсін?!
Ал сіздер аудиокітапты жиі тыңдайсыздар ма?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ü Open Directory Project каталогындағы аудиокітаптар туралы жазбалар
ü Мектеп жасындағыларға арналған аудиокітаптар топтамасы, Мәскеу, 1990 жыл.
ü www.ikitap.kz/catalog/audiobook_list
ü adebiportal.kz/audio/
ü www.balkhashlib.kz/kk/resurs_18
ü til.gov.kz/.../04_SB8K8xLLM9MSSzPy8xBz9C
ü https://www.inform.kz/
Айдын Бәймен «М. Әбеновпен сұхбат»
ü https://massaget.kz/
Анар Мұстафина «Интернеттегі қазақ тілінің дамуы мен проблемалары»
ü https://www.qazaquni.kz/
Гүлмира Садықова «Қазақ тілінің таза болуына әрбір қазақ жауапты»