Аударма өлең

Аударма өлең
жеке
блог

 

Туындыгер: Динара Оразбекова
Музыка: Виктор Бекк
Аударған:Талғат Халық

 

Әйел -Өкінбеймін, енді жыламаймын.
Жалын жалмаса бәрін,жай табам!
Еркек -Алауын қайтсек те жаға алмаймыз,
Бұрынғы сезімнің, қайтадан!

 

Әйел -Ақталайын десем тыңдамайсың,
Жалынсыз болып кетіпсің, бір тоға.
Бір сөзді тек қана қайталайсың:
Еркек -«Айырылысайық енді, біржола!»

 

Әйел — Өтінем!"Артыңа бұрылшы..."
Еркек -«Артыңа бұрылшы!»
Әйел — «Қайтадан оралшы...»
Еркек — «Қайтадан оралшы!»
Әйел — :Өкінем! «Кешірші...»
Еркек — «Кешірші?»
Әйел -;Кетуді санаңнан өшірші!"
Еркек — «Өшірші...»

 

Әйел -«Сен еркін құссың,ұстай алмаймын,
Өзің біл,не істесең, бөтенбіз!»
Еркек — Өмірімді бос өткізген жандаймын,
Сенімен...Бақытсыз болған екенбіз!"

 

Әйел — Жан-жүрегім менің мұңға толды,
Еркек — Тамырымда соқты, анық тым.
Әйел — Үмітсіз, бекерге ғашық болдым,
Еркек -Өзгеріссіз өмірден жалықтым.

 

Әйел; -Өтінемін:" Артыңа бұрылшы..."
Еркек: -Бұрылшы!"
Әйел:- «Қайтадан оралшы...!»
Еркек -«Оралшы!»
Әйел — «Көзімнен жас ақты...»
Еркек -«Жас ақты!»
Әйел — «Антыңнан босаттым!»
Еркек — «Босаттым!»


Еркек -Өмірдің ылғи, көлеңке жағы,
Кедергілер кездескен жолдағы.
Ұшсақ та ,құлап жатсақ тағы,
Махаббаттан жолымыз болмады!

Әйел — Өкінгім келмейтін шығар мүмкін?
Ашщы жас көздегі құрғаған.
Босаңсып қалармын мен де бір күн,
Сезімнен жүректі тырнаған.

 

Әйел -Өтінем , артыңа бұрылшы...
Еркек — Бұрылшы!
Әйел — Күтемін ,оралшы...
Еркек — Оралшы!
Әйел — Тағы бір мүмкіндік берші...
Еркек — Берші!
Әйел — Ойланып көрші!
Еркек — Көрші!

Еркек -Қайтадан бүлк етті сатқын жүрек 
Бірақта сабама түскім келмейді!
Ұмыта алмайды екенмін, соны білем!
Айрылысқым келді қалай, сенбеймін!

Әйел — Махаббатқа құрсау сала алмайсың!
Осы өмірден менің түйгенім.
Жүрегім бос деп, өзіңді алдайсың?
Соған сендің бе, сүйгенім?

 

Әйел — Өтінем: «Артыңа бұрылшы...»
Еркек — «Бұрылшы!»
Әйел — Өкінем:"Оралшы..."
Еркек — «Оралшы!»
Әйел -«Басса да түрлі ой...»
Еркек — «Түрлі ой!»
Әйел — «Жолымыз бір ғой...»
Еркек — «Бір ғой!»