Аударма

Аударма
жеке
блог

Жизель:              

Кіп кішкентай достардың,

дауыстары үйді алып.

Сыңғырлайды, сыңғыр, сыңғыр.

Құртақандай болса да,

Жүректері нұрланып.

 

Ас үй менен бөлмені,

Кірден ада қыламыз.

Тарақандар, шыбындар!

Үйді бірге жуамыз.

 

Сыпырамыз, сүртеміз,

Шырқай жүріп, әндетіп.

Ваннаны да жинаймыз

Тазалықты орнатып ,

Біз қуаныш сыйлаймыз,

 

Тазалаймыз, әндетіп,

Жарқыраймыз біз жаздай.

Әжетхана болса да,

Болу керек мұнтаздай!

 

Ән шырқап үй жинаған,

Қуантады көңілді.

Еңбегіміз еленер,

Лә-лә-лә

Қызықты етіп өмірді. /2-рет/

 

Ах, тағдыр неткен қатты едің,

Ханзададан алыстап,

Аяқ асты тап болдым,

Елге емес таныс, жат.

 

Мына елде біртүрлі,

Бәрі қызық болса да.

Тұра алармын шынымен,

Осы жақта қалсам да.

 

Көңілді әнмен қарсы алдық,

Төрлет үйге, тазалық.

Сыңғыр, сыңғыр, сыңғырлап.

Қуанайық біз шулап.

 

Жинап, салып қаптарға.

Қоқыстардың барлығын,

Қолғабыс қып, қол созып,

Шырқайықшы ән бүгін!

 

Кір жуатын ұнтақтар,

Шұлықтарды жуады.

Тазалықты көргенде,

Әнімнен ән туады.

 

Қараңдаршы, айналам,

Мұнтаздай болды, жайнаған!

Көңілді болды!

                                         * * *

Сүйгеніңе сезіміңді,

Айту керек, қысылмай.

«Сүйемін» деп жар сал оған,

Құштарлықты жасырмай.

Қалай білем,

Сүйгенді.

Сүйгеніңді,

Бір мені.

Сағынышқа толы саған,

Хат жаза ма тілекпен.

Бұлтты күнің ашылсын деп,

Гүл сыйлай ма, жүрекпен?

Жүре ме ол «сүйгеніммен,

Қалсам» деген ниетпен?

Осылайша түсінесің,

Осылайша түсінесің.

Саған деген сезімді.

Көрдіңіз бе?

Жалындаған құштарлық пен,

Сезім толы көзбенен.

Білдір оған сезіміңді,

Айта алмасаң сөзбенен. 


Жизель:              

Өмір жолын бір арнаға,

Тоғыстырған жандар ма?

Махаббатпен арайланып,

Жүректері жанған ба?

Сезіміңді қалай білсін,

Соны, жаным, жақсы түсін.

Биге шақыр, тек сол жанды,

Құшағыңа алу үшін.


Жизель:              

Осылайша түсінесің,

Сүйген жанды өзіңді.

Көздерінен көре аласың,

Оттай жанған сезімді.

Сүйген жүрек адаспайды, біледі,

Енді оның «сен» деп соғар жүрегі.

Осылайша түсінесің,

Осылайша түсінесің,

Осылайша түсінесің,

Осылайша түсінесің.

Саған деген сезімді.


Ер адам:             

Батыл ұстап өзіңді,

Білдір оған сезімді.

Жизель:  Осылайша түсінесің.

Барлығы:Сүйеріңді ашық айт.   

Жизель: Сезімді сонда білесің.

             Рахмет, рахмет, рахмет! Үлкен рахмет! Рахмет!

* * *

Айналсам да әлемді,

Құсымсың қолға қондырған.

Махаббат әнін шырқайық,

Сезімді мынау жандырған,

Жанымдасың сен менің,

Арайлысың таң, нұрдан

 

Арман деген түсімдей

Өмір деген қас-қағым,

Өзіңе ғана ынтықпын,

Керек емес басқаның.

Сен деп соғар жүрегім,

Сені аңсайды жас жаным.

 

Сен деп соғар жүрегім,

Сені аңсайды жас жаным.

 

Аңсағандай өзіңді,

Жанымдасың, аруым.

Бірге туып, кетердей,

Бөлшегісің жанымның.

Тек сен болшы жанымда,

Керегі емес бәрінің.

                                       * * *

Сәттіліктің жұлдызы,

Жарқырап нұрға бөленді.

Сенші маған, сен маған,

Емессің жалғыз сен енді.

 

Ажырамас жұбымыз! Ажырамас жұбымыз!

Иә. Ажырамас жұбымыз!

                                                    * * *

Ұғу қиын құпиясын өмірдің ,

Махаббатың одан сыры тереңдеу.

Сүйген жанға айту керек сезімді,

Махаббатта айып болар үндемеу.

                                                             * * *

Асау жүрек бұлқынар аттай тулап,

Сүйген жанды көргенде қуаныштан,

Бақыт құсы жаныңда, қондыра біл,

Іздеп жүрме сен оны тым алыстан.