«Yellow Table» деп аталатын әннің орындаушысы жүрегін жауалған қыздың сыныптасы екенін айтады. «Мен Айгүлді 5 сыныптан бастап жақсы көремін. Оның сезімі тура менікіндей деп айта алмаймын, бірақ ән бәрін өзгертетін шығар», дейді Қара жігіт.
Бейнебаянда Алматы мен Астананың көрнекі жерлері – Алтын адам, Хан Шатыр, Қазақстан қонақ үйі, Бәйтерек бейнеленген. Бұлардың жастардың махаббатына қатысы қаншалықты екені белгісіз.
Жас әнші миллионер әкесінің аты-жөнін айтуды қаламайды. Тыңдарман әкемнің байлығын емес, өнерімді бағаласа дейді өзі.
K-pop – Оңтүстік Кореяда пайда болған, батыстық электропоп, хип-хоп пен биге арналған музыканың, ритм-блюздің қосындысынан тұратын музыкалық жанр. Алғашқыда муызкалық жанр ретінде пайда болған К-рор кейін бүкіл әлем бойынша миллиондаған табынушысы бар музыкалық субмәдениетке айналды. Rolling Stone америкалық музыкалық журналының жазуынша K-pop батыстық сәнді музыка мен энергиясы жоғары жапондық поптың қосындысы. Мұның орындаушылары тыңдаушылардың жүрегін жаулау үшін мәтінге жиі қайталайтын ағылшын тіліндегі сөздерді қосуымен ерекшеленеді.
K-pop қазір тек музыка ғана емес, кореялық сән мен стилді әлемге таратушы субкультураға айналды. Интернет пен сантаңбалық контенттің қолжетімділігінің арқасында K-pop әлемге жылдам таралуда.