Атырау тағы қара жамылды
жеке
блог
блог
Көре алмады ма дара бағыңды,
Етті ғой ажал жара жаныңды.
Ақжайық жылап,аспан түнеріп,
Атырау тағы қара жамылды.
Түзеген ел ек тентегін текті,
Айдады-ау ажал,еркелік нетті,
Жол апаты боп,көлік ішінде,
Бес балаң бірдей өртеніп кетті.
Неге тым қысқа дәм салды жалған,
Қара сызықпен қоршалды арман.
Сарайшық жаққа саяхаттап ет,
Әттең-ай ажал қарсы алды алдан.
Ағайын-туыс дерт еміп тегін,
Қайғыға батты-ау өртеніп шерің,
Жұмақтан орын беріп оларға,
Кешірсін Алла қателіктерін..