"...атың шықпаса жер өрте"

Бір сәтке Инстаграм желісін ашып, Интересные функциясына кіріп көрейікші, іші толған ойындар, неше түрлі челлендждер(көргенде не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің...) Бұл қызық па, әлде мазақ па? Құдды бір бәрі пиар, атақ(хайп) үшін жүрген секілді. Жалпы хайп, пиар деген ұғымдардың түпкі мағынасы не?  Қазіргі таңда көп қолданыста жүрген сөздер. (Әсіресе Қалаулым бағдарламасында хайп сөзі күніне 80 рет айтылатын болар)))) "Атың шықпаса жер өрте",-демекші қазір өз-өзін қандай жолмен болсада көрсететін адамдар көбейіп кетті. Солардың бірі уақыт қарқынына қарай шығып жатқан челлендждер (қазақшасын білмеймін) Неше түрлісі бар екен, шіркін. (Бірақ өзімде "жұрттан қаламыз ба",-деп соның біреуіне қызығып түсіріп көргенмін)  Ал соның қауіпті челленджі де бар. Сәнге айналған челлендждің өмірге қауіпті, жол жүру ережелеріне қайшы екені қанша жазылып, айтылып жатса да видеолары азаяр емес. Бұл челлендждің аты-"кики челлендж". Атақты канадалық Drake-тің "In my Feelings" әнінің қайырмасындағы "Kiki, do you love me? Are you riding?" өлең жолдарына орай осылай аталып кеткен. Челлендж бойынша адам жүріп бара жатқан көліктің жанында би билеуі тиіс. Бүкіл дүниежүзілік интернет әлемін жаулап алған челлендж Қaзақстанға да жетті. Қызығы, бүл челленджді бірқатар жұлдыздарымыз да түсіріп үлгерген. Бірақ, ең сорақысы осы челленджді  түсіремін деп, көліктің астына түскендер де бар екен.  Ал желі қолданушыларының жаңа челленджге қатысты пікірлері қақ бөлінеді. Бірі ілгері басып жатқан заманныңнан қалыспау керектігін айтса, енді бірі жоғарыда айтқанымдай "атың шықпаса жер өрте",-деп жатыр. Десе де, көпшілік қауым жұлдыздардың көлікпен ілесе би билегенін қызықтап, жоғары баға берген. Сол себепті де, бұл челлендждің қауіптілігін ешкім ескермейтін секілді.  Өзіміздің өмірімізді өзімімізден басқа ешкім ойламайды. Ойланайық! 


Бөлісу: