Әттең,әттең...

Жасырам деп кеудемдегі бір үнді

Айтпай жүрмін саған ынтық сырымды.

Ақылыммен арпалысып жүргенде,

Амал барма кешіккенім білінді.


Армандаппын-түнде күннің шыққанын,

Армандаппын –Айдың күнді тұтқанын.

Жылу іздеп,тыншын бұзып басқаның

Саған қарап бір адым да баспадым.

 

Мен білмеймін,шының ба, ермегің бе,

« Кет»дедің бе, жоқ әлде «кел» дедің бе?!

Сол кінәсіз қалпында сезім қалсын,

Бала күнгі арманның өрнегінде.

 

Бұл ғашықтық не ісететпейді сүйгенге,

Айып емес шын жүректен сүйген де.

Мен Еңілік бейнесінде кездессем,

Кебек болып шын жүректен сүйдің бе?

 

 

Жібек болып армандасам өзіңді,

Төлегендей сен мен үшін күйдің бе?

Баян болып енсем жұмбақ бейнеге

Ер Қозыдай бір байламға келдің бе?

 

Жо-жоқ, жаным бізде мұндай болмады,

Екеумізге бақыт құсы қонбады.

Дариядай тулап,бұлқып аққанмен,

Есілім де Дариядай тұнбады.

 

Сен-Дария, сылдыр қағып жүресің,

Қосыла алмай қанша ақсаң да  Есілге.

Мен-Есіл,есіп ағып келемін,

Дарияға жете алмай есіле.

 

Дәрмен сұрап,айықпас бұл дертіңе,

Сезіміңді бос жібердің,еркіне.

Мендік  уәде екі рет айтылмас

Бұза алмаймын,берік болам сертіме.

 

Жаңа өмір,жаңа ғұмыр бастайсың,

Ескілікпен мені ойлайтын кез бе еді?

Шын сүйерсің,шын сүйгенсің, сен бәлкім,

Әттең,әттең...мендік жүрек сезбеді...



Бөлісу: