Қайдасың?!
Қайда кеттің,ай қабақтым?!
Өзіңді аңсауменен ойға баттым.
Ұрысы мен ырысы қатар жүрер,
Ғашықтардың жолдары-тайғанақ тым.
...ойламаппын.
Жүрегімнен отырмын жүктеп өлең,
Сезімбедің сезімді түк те менен.
...Сол тәтті махаббатың артына еріп,
Ащы мұңнын келерін күтпеген ем.
...күтпеген ем.
«Ғашық» деген жат қазір атақ маған,
Бұл сезімге: ашу мен дат ақтарам.
Ең соңғы кездесуге куәгер боп,
Қимай бізді қалып ед жатақханаң.
...хат ап барам.
Қалай түстік дәл осы күйге,көкем?!
Мен сенсіз-шері мұңлы күй боп өтем.
Саған деген сағыныш тамшыларын,
Көздерімнің алдына үймелетем.
...сүйген екем.
Сыр бөлісіп періште ақ парақпен,
Жалғыздыққа отырмын нақ қарап мен.
Бақытты ете алмадым...Қош бол,Айым!
Енді сенен келетін ақпарат кем.
...Әттең, Әттең!