Кеше, футболдан Германия кубогының жартылай финалында, Қазақстан құрамасының ойыншысы Генрих Шмитдгаль өнер көрсететін Гройтер Фюрт командасы, Германияның қазіргі чемпионы Дортмундтың Боруссиясымен кездесіп терезесі тең ойын көрсетті.
Неміс футболындағы екінші бундеслиганың көшбасшысы Гройтер Фюрт жоғарғы бундеслиганың командалары Нюрнберг пен Хоффенхаймды жеңіп, лайықты түрде жартылай финалға шыққан. Ал Неміс чемпиондарының жолында керісінше төменгі лиганың командалары кездесіп, еш қиналмастан жартылай финалға жеткен болатын. Бірақ Боруссияның қарсыластарын қалпақпен қағып алмақшы болған бұл жолғы ойы іске аспады. Неміс чемпиондары өздерінің басымдылықтарын пайдылынып допты көбірек өз бақылауында ұстағанмен, Гройтер Фюрт оңай шағылатын жаңғақ емес екендігін көрсетті. Гройтер қақпасында қауіпті сәттердің аз болуыда осыған дәлел. Есесіне біздің Шмитдгаль, қорғаушы болсада Дортмундтықтар қақпасына екі қауіпті сәт туғызды. Біріншісінде сол қанаттан, поляк қорғаушысы Пишчекті алдап өтіп, айып алаңындағы шабуылшы Оушенге керемет пас берген болатын. Бірақ шабуылшының баспен бағыттаған соққысы қақпадан сәл қиыс кетті. Негізгі уақытта бірін бірі ала алмаған қос қарсылас қосымша уақыт ойнауға кірісті. Ойынның 99-шы мминутында айып соққысын орындаған біздің "Ғани", қойылған кедергіні айналдыра тепкен. Тек соңғы сәтте ғана шебер қақпашы Вайденфеллер өз қақпасын голдан аман алып қалды. Бұл қосымша уақыттада гол салынбаса пенальти бойынша жеңімпаз анықталатын еді. Сол пенальтидің қамын ойлаған Гройтер Фюрт бапкері, онбір метрлікті жақсы қайтаратын қосалқы қақпашыны алаңға шығарды. Бірақ алаңға онбір метрлік соққыларды қайтарам деп шыққан қақпашы бұл мақсатына жете алмады. Өздерінің соңғы шабуылында, Гроскройцтан пас алған Ілкәй Гүндоған үлкен сәттілікпен қақпаға, Фюрттіктердің өзегін өртейтін доп салып кетті.
writeFlash({"src":"https://video.rutube.ru/0fca92fba36380d52ae6489c9cd90d30","width":"470","height":"353"});
Келесі маусымда жоғарғы лигаға көтерілу дәмесі бар бұл команда осы ойынынан танбаса Германияның ортанқол командасына айналуы әбден мүмкін. Ондай сәтте біздің отандас "Ғани" Шмитдгальдің де бағасы өсіп, тіпті басқа мықтырақ командаға ауысуы да ғажап емес. Егер ондай болған жағдайда "Ғанимен" бірге Қазақстан атыныңда бірге жүретіндігін ұмытпайқ! Сондықтан отырып ап Ғани Шмитдгальдің тілеулесі болайық Қазақ футболының жанкүйерлері!)