"Әтір таңдай білеміз бе?"

Достар,біз әрқашан  әдемі,сәнді  болып  жүруді  қалаймыз ғой?Ол белгілі нәрсе.Әсіресе,қыздар қауымы   әсемдікке  құштар.Құрамында  түрлі  химиялық  қоспалары  бар заттардың  зиян екенін  білсек  те,қолданамыз. Өздеріңе  белгілі,сұлулықтың  бір  сыры - әтір жайлы  бөліспекшімін.

Бағасы қымбат тұратын,бірақ  сапасы  сын көтермейтін  иіссулар  болуы мүмкін. Мұндай жағдайға  кездеспес үшін, иіссуды  арнайы сертификатпен,сенімді  жерден  алған жөн. Бұл  мүмкіндік те  қолжетімді  емес. Ендеше,өзіміздің  сауаттылығымға  жүгінген абзал.

Иіссудың  қорабы  қатты,жазуы анық,сапалы болу  керек.Оның  сыртынан  жұқа  целлофан  оралады. Ал,кейбір  өндірушілер "жасанды  бәсекелестерден"  сақтанып  целлофанмен қаптамайтын  болған,ондайда  картонның  сапасына  қарай  аламыз. Әтірдегі  жазуды  мұқият  оқу  қажет.Көптеген  жасанды  өндірушілер  атақты  бренд  жазуының  бір  әріпін  өзгертіп  жасайды(өзгертпесе  базалық  тіркеуден  өтпейді).Мысалы:Climat  Kenzo  сөзін Clema Genzo  деп  жазу  мүмкін.Таза  француз  әтірінде  "parfume'' - "е"  жалғауынсыз  "parfum"  болып жазылады.Сонымен қатар  өндіруші ел тауардың  шығарылған  күні  мен  жарамдылық  мерзімін  жазады.Өндіруші  елдерге  байланысты, әр елдің   өз штрих-коды  болады.

Француз әтірінің  штрих-коды 3 санынан  басталады.Ұлыбритания 50;Германия 400-440;Испания 80-83;Канада 00-09 сандарынан  басталып  штрих-кодпен белгіленеді.

Әтірдің  құтысы  таза,мөлдір  болу  керек.Әтірге  ешқашан  металл  қақпақ  жабылмайды.Бұл  химия  пәнінен  белгілі,яғни,әтір  металлмен әрекеттескенде  иісі  бұзылады. Химиялық  заттар қосылған  заттардың  түсі  қанық болады.

Таза  әтірдің  иісі  ұзаққа  жетеді.Қымбат әтір `parfum  сапалылығына  қарай,6-9 сағатқа  дейін  иісі  кетпейді.Ал,күндізгі  уақытқа  иісі 4-5  сағатқа жетерлік  парфмериялық   әтір жарайды. Бұл  әтір  алдыңғыға  қарағанда  арзан,әрі  хош иісті.

Зиянсыз,сапалы  заттарды  ажырата  білсек,денсаулығымызға  тиер зиянның да  көп  болмасы  анық.Жан  дүние  сұлулығы  мен  сыртқы  сұлулықты  үйлестіре  біліп,айналаны  нұрландыра  білейік!

Сұлулық - әлемді  құтқарады!



Бөлісу: