Атамның аты-жөні: Қыдырбекұлы Орманбек болатын. Болатын деп жазу себебім ол кісінің өмірден озғанына үш жылдай болып қалды. Зымыраған уақыт... Шалбарына жабысып аталап, арқасына асылып ат болшы деп ойнап жүргеніміз кеше ғана болғандай. Өз өзіммен қалғанда өткенді көп еске аламын, өткен болғанда сол атамның тірі уақытын. Менің балалық шағымды, болды қызым есейдің, деп өзімен бірге ала кеткендей. Жаратқаннан балалықтың бір сағатына апарсаң бар ғұмырымды берер едім деп көп сұраймын. Орындалмасын білсемде сұрай беремін. Өмірде гүлдің дәмін татып қалған ара басқа өсімдікке қонбайтыны сияқты, балғын балалығым атаммен қызықты өткендіктен, басқа сәтті аңсай алмай жүргенім тағы бар. Атам, ол өте мейрімді, ақылшы, тіпті кейде қатал, қанша қатал болғанмен арғы жағында бір жылулық көрініп тұратын. Ағыл-тегіл, немерем десе ішкенін беріп, аузынан жырып бар тәттімен асырады ғой жарықтық. Бала кезімізде біреу тейсіп жатса атама айтып беремін, деп жиі айтатынбыз. Жанымызды сақтап қалатындай. Тіпті атаның қызы болғандықтан әкемде, анамда ұрса алмайтын. Осылай еркелеп жүрген қыз, бір күні атасымен мәңгіге қоштасады деп ойлапты ма? Әрейне ойламады, ойласа барым нарым деп жүрген қызы ертерек есейіп сол атасының еңбегін қайтарып үлгерер меді. бірәқ әттеген ай ол уақыт. Сол уақыт мені есейткенмен атамды кәртейтті. Кәрілік жетіп жанын алды. Соңғы төсек тартып қалған уақытында жанына баралмадым, өз көз жасымды көрсетпейін деп. Менің атам, менің тірегім, менің алып асқар тауым қауқарсыз болып жатқанын көру маған өте ауыр тейді. Алып денелі атам азып- тозып, құр сүйек қалпында о дүниеге аттанды. Бірақ марқұм өте сұлу түрінде кетті. Жаным аташымның жаны шыққан күн әлі есімде. Меніңде кеудемнен бір жаным ағып түскендей сезіндім. Ауыл-аймақ, көрші- қолаң, туған туыстар көңіл айтып келіп жатыр, бәрінің айтатыны, бұл той ғой, атаның жасын берсін, деп қуанғандай болды. Ал маған сексен түгілі одан көп жасасада әлі көрер қызығы алда еді ғой, баланың қызығын көрседе, немеренің жемісін жеп кеткенде, деген ой келді. Көшедегі атасымен жүрген балаларға қызығамын. Атамды қатты сағындым