Атамның иісі

Атамның иісі
жеке
блог

...”Алып кел мен андағы баланы әлі иіскемедім ғой “-деген менің нағашы атамның , анама айтқан сөзі әлі күнге дейін, тіпті мәңгі есте қалатын болды. Атамның сырқаттанып жатқан, өмірінің соңғы күндері болатын. Менің екі жасар шағым, тіпті ешнәрсе де есімде де жоқ, еміс-еміс бейнесі ғана келеді, білмеймін әйтеуір сағымдай болып елестейді көз алдымда.

  Біз Үңгіртасқа барған сайын апамыз:

- Құлындарым-ау, садаған кетейін жандарым- деп,  нағашы апам көз жасын көл қылып, Алладан амандығымызды тілеп отырады.

Сағи екеуміз қатар өсіп келе жатқан  баламыз. Ол анамның інісі Айнабек ағамның баласы және болашақта осы қарашаңырақтың иесі де өзі. Айнабек ағамның үш баласы бар, тұңғышы Сағи, ортаншы қызы Айдана, және кішісі еркетай қызы Аянат.

Сағи екеуміз түйдей жастымыз. Ойын баласымыз ғой, мен оның ойыншықтарымен ойнасам, велосипедін рұқсатсыз айдасам қатты қызғанатын . Ылғи мен барған сайын ол ойыншықтар тұрған шкафтың алдына отырып, күзетте тұрған шекарашы сияқты қырағы тұратын, мен  ойыншықпен ойнамасын  деп.Ал футбол ойнағанда алдына жан салмайтын. Доп ойнағанда екеуміз бірге ойнайтынбыз, мен қақпада тұрам, ал ол допты қақпға тебеді. Ондай кезде ойыншық күзеткен Сағиға ұқсамайды, тіпті  мүлде болек бала бола қалады. Өйткені мен қақпада тұрып оның добын өтірік жіберіп алып,  гол салдырып тұрамын, әйтпесе ол маған ойыншықтарын да, велосипедін де бермейді ғой.

Мен анама айтатынмын Сағи өте қызғаншақ маған ешнәрсесін бермейді. Анам мағанда ұрсатын «сенің де мінезің жетісіп тұрған жоқ бір нәрсе болса болды  ашуланып шыға келесің» –деп менің мысымды басып тастайтын. Анам Сағиды өте қатты жақсы көретін, бірақ шешесіне тартып баражатқанына, налитын.

Бір күні Сағи біздің үйге келді, Жамбылға, жалғыз  өзі емес Ерсайын  Айбекпен бірге. Ерсайын анамның әпкесі Зибагүл тәтенің баласы, ал Айбек анамның ортаншы ағасы Айдардың баласы. Оларда Үңгіртас та тұрады . Олармен ойнаған өте қызық болатын, ал Сағи болса солардың жанынан  шықпайды. Себебі ол менің үйіме келгендіктен кімнің қожайын екенін біледі.Сондықтан жым болып екеуінен қалмай жүреді.Біздің үйде жылқылар бар . Ерсайын да мен де атқа өте қатты құмар болатын едік. Кешке жақын биелерді өрістен алып қайтуға асық болатынбыз. Барып тайды ұстап мініп қайту күнделікті бір іс болатын болған. Іс болғанда қандай? Кеш тезірек болса екен деп, кешті күтумен болатынбыз. Менің өзімнің тұлпарым бар оның аты Айқасқа. Айқасқа деп атаудың  себебін түсіндіре кетейін.

Күрең қасқа бие, күнделікті күнінен қарағанда, сол күні ерте келіп қораның ішіне кіре кетті. Сарайдың ішінде тұратын биенің мұнысы қалай екен, қораға бірақ барып өзі кіріп кетті – деп,мен таңқалып тұрмын. Артынша әкемде күреңнін арқанын алып келді. Күнде жетектеп алып келуші еді, неге бүгін биені жібере салған екен?- деп ойлнып тұрмын.

-Күрең бие неге терлеп келді әке? – деп сұрағанымда жауап бермей, қораға  бірақ кірді. Әкемнің қас-қабағынан бәрін білетінмін. Ол ашулы келді. Менің ойым: бүгін түсте биені жәй суғарып ауыстырып қойып едім, соны біліп ашуланып келді ма екен деп артынан қораға баруға баталмай тұрмын. Біршама уақыт өткен соң әкем қорадан шықты,  қорада жарық жанып тұр:

-Күнде бұлай жарықты жақпаушы едік? не болды екен? не болсада барайын, дедім де, ұрыс естуге дайындалып қорқақтап бардым. Алдымнан әкем шықты да:

-Күрең бие туды! – деді, мен қуанып, қорқынышым сейіліп, уфффф білмеген екен ғой деген оймен, қораға жүгіріп бардым. Есікті ашып қалсам күрең биеден аумай қалған кіп-кішкентай қасқа құлын жатыр. Бие үстін жалап  жанына жуытпай менен қызғанып пырылдап кісінеп, құлағын жалтарып маған тістене ұмтылады.

-Ай жануар-ай өз баласын тіпті қалай қороғайды иә?! –деп  есікті жаптымда, үйге анама сүйіншілеп қуанып барып!

-Күрең бие туды анашым  жүрші дәл өзінен аумайды жүрші - деп қамыр илеп жатқан  қолындағы  оқтауын  жұлып алдым да:

-Қолынан ұстап жүрші, жүрші...

-Жарайды жақсы болыпты, бауы берік болсын ! ас дайындайнда қазір қамырды тез жаймасам сорпасы әне  қайнап барады, сен бара бер қазір қамырды  жайып барам – деді де, оқтауды алды да, мені шығарып жіберді. Кеш қоюланып аспанда жұлдыздар шыға бастаған, тігінен айда туыпты, тура айтуғанда тудығой деп мен қораға қарай әкеме барып айттым. Әкемде жымиып қойды. Сөйтіп  Айқасқа аты осылай қойылды, ол менің тұлпарым болды.

Мен  әлі өзім оған секіріп міне алмаймын, ал Ерсайын менен жасы үлкен өзі секіріп мініп алады. Сол себепті ол барып бірінші мініп алатын, ал мен болсам қызғанып оған « Айқасқаның белін қараш майысып кетті сен төбеттей болып бойын өсірмей тастайсынғой түсші мен мінем»- деп, артынан қалмай жүретінмін, ал Ерсайын болса мені әбден жыныма тиіп, әдейі ызаландырып қашып, шапқылап, үйге дейін мініп баратын. Үйге барған соң мен жыламсырап, әкеме:

- Ерсайын сұмырай мініп алып қашып  кетті енді мінгізбеймін- деп, әкеме айтатынмын. Ал әкем болса мені қоштаушыма еді:

-Ерсайын үлкен, сырт  жақта өзі мінеді, мына енді үйреніп келе жатқан асау тайдан сені сол жақта құлап қалмасын деп өзі мініп келіп жүр.

- Мінбей – ақ күрең биені жетектеп келсе болады ғой, Айқасқа артынан еріп келеді- деп, кек қайтарудың жолын ойлап тұрсам, сонда да әкем:

- Болды есік алдында мінесің, кел мін –деп, көтеріп отырғызып жібереді. Сонда бар іштегі ашуым тарқап дереу  барып мініп алатынмын, бірақ Ерсайынның істегенін ұмытпайтынмын.

Ерсайын, Сағи, Айбек біздің үйде біраз уақыт болды. Бір күні анам дастархан басында шәй ішіп отырып, Ерсайын мен Айбекке:

-Апаларыңның үйіне барып көмектесіп тұрыңдар , апаларың сиырдың тезегін өзі тазалап жүр, сендер есейдіңдер – деп бауырмалдық, әпкелік ақылын айтып отыратын. Айбек аңғалдау бала болатын, сөз арасында:

-Айжан тәте, мен барып көмектесіп тұрам. Сағи есіңде ма? Алдында өрістің алдынан шығып сиырды алып келіп едім ғой. Сиырды сауып болған соң. Тамара тәтенің үйіне барып  сүтті өткізіп келгенмін, йә Сағи айтшы- деп, қуанып, матанышпен айтып отыр.

-Бұдан былай жиі барып жүр Сағиға көмектесіп жүр, сенде Ерсайын бірің- біріңе көмектесіп жүріңдер Дарында сендер де біріңе-бірің қамқор болыңдар – дейтін.

-Аталарың сендерді көріпкетті, бірақ сендердің естеріңде қала қоймады, ол кезде әлі кішкентай сәбисіңдер ғой. Есік алдындағы жалғыз алма ағаштың көленкесінде аталарың темір төсектің үстінде отыратын , Сағи барып атасының мойнына шығып құшақтап, тақиясын лақтырып ойнушы еді, сонда атаң:

-Әй жарығым- ау  жарығым бес жасыңа дейін жүрсем ғой есіңде қалатын едім – деп айтушы еді.

-Міне сөйтіп аталарың содан кейін бір жылға жетпей қайтыс болды. Біз үнсіз анамның айтқан сөзін ұйып тыңдап отырып, анамның еріксізден жасқа толған көз жанарын көріп күрсіндік. Сәлден соң Сағиға анам:

-Үйде ағамнан қалған дүрбі бар еді ғой  білесің бе ?

-Йә, ол Үлгіліде Молдахан ағамда

-Сол дүрбі де әлі күнге дейін ағамның иісі бар

-Йә білем апам айтқан, иіскеп көргенмін

-Сол дүрбіні, Молдаханнан алып, үйге алып келіп қою керек , сен сол дүрбіні қарашаңырақта ұстап отыруың керек, атаңнан қалған жалғыз көз ғой, осы айтқанымды ұмыт па?- деп, Сағиға анам байыппен айтты

-Сол дүрбіні Дарын саған да көрсетем иісін біліңдер, аталарыңды көрсендерде естерің де жоқ қой!- деп анам сабырлы өнегелі сөзін  уәде беріп,байыппен айтты.Сәлден соң анам сөзін қайта бастап:

-Дарынды соңғы рет алып барғанмын, ол кезде аталарың тіпті қатты ауырып жатқан. Мені қолымен бері кел деп шақырды да маңдайымнан сүйіп

-Алып кел мен андағы баланы әлі иіскемедім ғой – деп айтты да қолына алып қысып тұрып ұзақ йіскеп тұрып жарығым – ау жарығым аман бол үлкен азамат бол  деп батасын берді – дейді анашым тағыда көзіне жас алып.

Сол дүрбіні әлі көрмесем де, анамның  айтқан өнегелі ақылын ұмытпаймын.Нағашы атам маған  айтқан  үлкен азамат бол! –деп, айтқан сөзін ұмытпаймын, елдің, халықтың адал азаматы болуға уәде берем!