Атамекен – Алтын бесік
жеке
блог
блог
Ыстық саған туған жерің - Атамекен,
Атамекен - өсіп,өнген туған өлкең.
Өз еліңде тыныстау бір үлкен бақыт,
Асыл мекен, көкейіңде жатады екен.
Асқар тауы, көк аспанмен таласқан,
Тату халық, ынтымағы жарасқан.
Кең байтақ жер, жасыл жайлау табиғат,
Сай-саламен жоталарға ұласқан.
Атамекен – Алтын бесік, туған ел!
Жанарымда өркендей бер, өсе бер!
Таза ауа, мөлдір суы – жан рахаты,
Маңдайыңа ескен тынық самал жел.
Авторы: Айдынғалиұлы Сағыныш