Аталы сөзге,арсыз ғана тоқтамас!

Аталы сөзге,арсыз ғана тоқтамас!
жеке
блог

Сөз қадірін білетін ел едік,қазір сөз түгілі тіліміз де аяқ асты болып бара жатыр ,тіпті осы массагет сайтындағы қазақтардың өзі ақ,қойыртпақ,қара байыр сөздерге құмар. Тіліміз әлемдегі ең бай,икемді,ырғақты,ұйқас қоры жүз пайызға тең(бұл туралы кейінірек) шұрайлы тілдердің бірі,бірегейі! Қазіргі ақын жазушылардың еңбектерін оқысаңыз қарыныңыз ашады,ұяласыз...тіпті алысқа бармай ақ қоялық,осы массагетте блогшылардың ой-пікірлерін алып қарайықшы( деп едім ғоо,қаяқта? т.т т. с .с) .

Көп мағыналы сөздер,ұйқастар,теңеулер,мақал-мәтелдер;
Ой- ми жұмысы, ой-шұңқыр, ой-бұйрық, ой-таңғалу,ұялу.....
Жұрнақ пен жалғау арқылы ұйқас шығару. Ой-ла-ның-қы-ра-ма-ған-дық-тар-ың-ыз-дан-да!
Көкпенкөк,аппақ,қып-қызыл. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман! Бетегеден биік,жусаннан аласа! т.т т.с.с..
Қазақ тіліндегідей мақал-мәтелдер еш жұртта жоқ, өмірдің барлық жағдайларына лайықталған,тізіп жатпай ақ қояиын.

Біздің әп-әдемі өз ана тіліміз бар, өз жазу заңдылықтарымыз бар,неге диалектиқалық сөздерді қосып немесе тілді шұбарлап жазамыз? Біз қазақпыз ғой,тілді біз қадірлеп,құрметтемесек, біз үшін біреулер қадірлеуі керек пе? Әркім өз үлестерін қосса,тілді таза қалпында ұрпақтарға жеткізсек,тіпті болмаса! Ойланыңыздар!