Атадан өсиет, анадан қасиет

              Ата-анадан мал тәтті... Осы сөздер тізбегін ең алғаш рет өмірге әкелген қандай жексұрын екен?

         Олар бәлкім саған тағамдардың ішіндегі сен қалаған ең тәттілерін керегінше тауып бермеген шығар. Олар бәлкім сенің достарың киіп жүрген киімдердің сен таңдаған ең жақсысын кигізбеген болар. Олар бәлкім жарнамалардағы жалт-жұлт еткен сенің арманыңдағы "айфонды" сатып алып бермеген болар. Тек қана осылар үшін оларды жазғыруға болмайды. Олардың сені жарық дүниеге әкелгенінің өзі неге татиды дерсің?

      Олар саған көп ұрсатын болар. Бәлкім олар саған тапсырманы үйіп-төгіп беріп, дер кезінде бітірмесең неге істемедің деп айқайлайтын болар. Олар тым ақылгөй шығар. Тек қана осылар үшін оларға ренжуге бола ма? Олар сенің өмір кедергілерінен еркін өтуіңе өз көмегін тигізіп жатқанын білемісің? Әке-шешенің баласына деген махаббатының нағыз махаббат екенін сеземісің? 

      Қамшының сабындай қысқа ғұмырда сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін деп, осы балам тоңып қалмады ма екен, осы баламның қарны аш қалмады ма екен деп әрқашан сыртыңнан тілеуіңді тілеп отыратын ата-аналарыңды аялай біліңдер, ағайындар! 



Бөлісу: