Ата салтың - халықтық қалпың (блог эстафета)
блог
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Наурыз меркесі қарсаңында Массагеттің белсенді жастары қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерін ұлықтауды жөн көрдік. Осылайша Назым Сапарова бастаған "Ата салтың - халықтық қалпың" атты блог эстафетаның таяқшасын мен қабылдаған едім.
Біз шаншар
Біз шаншар (салт). Кең байтақ қазақ даласында салт-дәстүрдің қызықты түрлері көп. Соның бірі - "біз шаншар". Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында "жаушы" осы "біз шаншар" салтын қалдырды. Ақсақал, қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдет бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерден шаншулы бізді тауып алады. Бұл "бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық" дегенді білдіреді.
Эстафета таяқшасын Әсел Асановаға тапсырамын.