Ата-ананың қалауымен үйлену азайып барады!

Ата-ананың  қалауымен үйлену азайып барады!
жеке
блог

Қазірде ата-анасының қалауымен үйленетін жігіттер бар ма екен?Болса да сирек шығар.Менің бір бауырымның әкесі бұрынырақта автобус айдаған екен.Бір күні тапсырыспен бір топ қыздарды тауға алып барады.Қайтар жолында сол қыздардың бәрін дерлік өз үйіне алып барған.Сонсоң анасына айтып,осы қыздың біреуін таңдаңыз соған үйленемін депті.Анасының көңілінен шыққан қыз,өз қалауымен сол шаңырақта қалған.Міне керемет. Тағы бір қызық.Бір жігіт түс ауа үйіне келсе,есік алдында жиналған қауым жігітті құттықтап жатыр,екен.Жігіт аң-таң.Ештеңе де түсінбеді.Не болғанын жұрттан сұрап жүр.Қара халық әр жерден кеп құттықтап жатыр:"Үйленіпсің,келін құтты болсын" деп.Ол әлі де түк түсінбеді. Үйленгенін өзі білмей,ел аузынан естіген екен.Сөйтсе келінді жігіт емес,әке-шешесі ап келген көрінеді.