Ата-ана деген - әлем бойынша алтын әріппен аспанға жазып қоярлық сөз. Ата-ананың тірісінде қадірін білмесең, дүниеден өткеннен соң артынан жылап-еңіреп жоқтағаннан не пайда?! Әлгінде айтушы еді "жұмақ анаңның аяғының астында"-деп. Халық айтса да қалт айтпайды, бұл сөз шындық. Өмірде сондықтан анаңның көңіліне кірбің түсіруден сақ болсақ, мұнымыз ибалы да инабатты шешім болар еді. Анаңнан қанша рет таяқ алып, сөгіс естіп жатсақ та, көбінесе ұмытып кетіп жатамыз. Ал, әке ше? Әке үшін өмірде жанұясынан артық ештеңе жоқ. "Әке сөзі-оқ"- деп те айтып жатады. Бұл сөзге де қарсы пікір айтатын ойым жоқ. Өмірде әкенің де орны ерекше орын теуіп тұрарлық. Әкенің ұрып-соғып, айғайламақ тұрмақ, көз алартқанынан қорқатынымыз бар. Оны бәріміз де мойындағанымыз жөн. Ата-ананың мейрімі мен ыстық ықыласына жетерлік дүниеде бақыт жоқ. Ата-ананың тірісінде қадірін білейік, ағайын!