Ата-анамызды бағалайық..
блог
«Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» деген Ғабиден Мұстафиннің ұлы сөзі бар. Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы, қадірлісі. Қазіргі кезде ата-ана қадірін барлығы түсіне бермейді. Сен дүниеге шыр етіп келгеннен бері бір сәтке де тастамай, әрдайым жаныңнан табылып, мәпелеп, әлпештеп, еркелетіп, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсірген кім? Әрине, ата-ана. Әке-шешесін қадірлемейтіндерді имансыз, қасиетсіз десек те артық болмас. Әке-шеше мейіірімін тоя жеген тамақ та, шипасы мықты дәрі де алмастыра алмайды. Біз үшін ата-анамыз не істемейді? Қиыншылыққа қарамастан қатарынан қалмасын деп барлық жағдайдымызды жасап береді. Зор махаббатпен өсірген ата-ана өз перзениі үшін жанын беруге де дайын. Міне, соны түсінбейтіндер аз емес.
Ата-ананы қадірлеу – біздің парызымыз. Достар, ата-анамызды ешқашан ренжітпей, сыйлап, мейірімімізді аямай төгіп, қадірлеп, құрметтеп, уһ демей, көзі тірісінде барлық жақсылықтарды жасап, үміттерін ақтайық! Бұл өмірге келген әрбір адам – қонақ...ешкім де мәңгі өмір сүрмейді. Сондықтан, жақындарымызды бағалайық..,.