Осы сұрақ мені үнемі мазалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп, жалақысын бізге жұмсап, бізді ғана уайымдаған ата-анамыздың қарызын өтей аламыз ба? Көп адам жоқ деп жауап беретінін жақсы білемін. Алайда мен сіздермен келіспеймін. Неге олардың жасаған жақсылығын қайтарып көруге тырыспасқа? Күнде ренжітпейік, бауырларымызбен тату болайық, сабағымызды жақсы оқиық, денсаулығымызға қарайлайық, олардың арманын орындайық, ең бастысы - оларға немере сүйдірейік.
Алайда осы жақсылықты өтеу мәселесін ХХІ ғасыр қыздары шатастыратын сияқты. Олар ақша тауып әке-шешеме үй саламын, оқудың бірнешеуін оқимын, тағысын тағы бар... Жүріп қалады. Уақытымды ата-анамның қасында өткізуден асқан бақыт жоқ деп ойлаймын дейді. Қыздар ренжімеңдер, бұл қылықтарыңмен ата-аналарыңды қатты ренжітесіңдер. Оларға отырып қалған қыздан асқан бақытсыздық жоқ. Қысқасы, көп сөзді қойып, үйленсендерші...