Ата-анам – саялы теректерім!

Бақыт керек, көп те сұрамаймын. Жәй ғана кішкентай бақыт керек. Несібеме лайықты қылып, оданда кішкентай ғана қылып берсе де жетер еді. Соның өзі мені шынайы бақытты қылар еді. Ол бақыт - еш жерде сатылмайды, әркімде бір бола бермейді, бірақ оны барлығы армандайды... Маған да сондай кішігірім бақыт керек. Егер, ол менде болса, аялап өтер ем, алақанға салып, саялап өтер ем, мәңгілік..

Менің сұрап отырған бақытым- "Ата-анамның бақыты". Кішкентай кезімізде Анамыз тамақ ішпей отырғанда "Мама, тамақ ішпейсіз бе?" деп, айтқанда: "Сендер тоқ болсаңдар менде тоқпын" дейтін еді ғой. Сол сөздің мәнісін қазір түсіндім. Ата-анам бақытты болса мен де бақыттымын. Қаншама рет, Ата-анам туралы жазбақ болып, компьютер клавиштерін тарсылдатқаным есімде... Бірақ кішкене жазып, айтар сөзім бітіп, тоқтап қалып, өшіріп тастайтынмын. Сөздік қорымының жетпегендігінен, жазғым келмегендіктен немесе махаббатымның сол жерде аяқталып қалғанынан емес, мендегі оларға деген шексіз махаббатты сөзбен жеткізе алмайтын болғандықтан ғана жаза алмадым. Бірақ, бүгін батылдау кірістім. Себебі, шынайы махаббатыммен бөліскім келді. Олардың қандай екенін айтқым келді. Айтыңызшы, Ата-анадан басқа біреу сізге ойдан шығарып, ортасына өзіңізді қосып, қызық қылып біреу ертегі айтып беріппе еді? Алдымен ұрысып, кейін келіп, маңдайыңыздан біреу сүйіп пе еді? "Жоқ алып бермеймін не қыласың" деп айтып, соңында сізге ұнаған киімді  алып беріппе еді? Түн қараңғысында кино көріп жатқаныңызда "Өшір" деп айғайлаппеді? Сіз бұлқан-талқан болып, теледидарды өшіріп: "Өзі ұйықтаса болды, бәрін ұйықтатып тастау керек" деп ойлаппа едіңіз? Бір нәрсе жоғалған болса, сізді тексеру үшін: "Әй, өткенде ана жаққа алып кетіп едің ғой қайда" деп, сіздің шын не бүлдіргеніңізді біліп қойыппа еді? Ұрысып: "Бері кел бері" деп айтқанда, олардан басқа біреуге "Ұрмайсызба?Ұрмаймын деңізші" деп, айтаппедіңіз?

Олар ұрысқанда ұрыспасын деп, күлдіруге тырысып, ақыры сол үшін тағы бір сөз естіп көріппе едіңіз? Немесе, кей сәттері олардың сізге жасаған ең жақсы ісінен кейін ішіңізден қуанып, оларды шыныменде жақсы көретініңізді байқаппа едіңіз? Иә, ата-ана деген сол. Олардың сөздерін әрқашан есімнен шығарсам да , жүрегімнен шығарған емеспін. Мен үшін жанымнан мәңгілік өшпейтін бір сөз бар, ол анамның : "Осының бәрі сендер үшін, біз қартайғанда бізге былай жақсы қарамасаңдар да, қарттар үйіне сүмірейтіп апарып тастамасаңдар болғаны" дегені бар, сол сөз кейде есіме түссе, көзіме жас алып: "Жоқ, олай болмайды, мен бар кезде олар ешқашан қиналмауы керек" деп ойлаймын. Мен барда олар қиналмасыншы. Олар барда мен қиналмаймын. Сондайда әкемнің де бір сөзі мәңгілік жатталыпты санамда: "Қызым, мен бар кезде ештеңеден "переживать" етпеші!" 



Бөлісу: