Ата-ана мейірімі

Ата-ана мейірімі
жеке
блог

Қазақта "Ананың тілегі алты молданың дұғасынан да күшті" деген бар. Расында да, сәбиі үшін отқа да, суға да түсуге даяр ата-ана мейірімі шексіз. Бұл мейірімнің құдіреті, бұл жылулықтың күші талай қауіптен аман алып қалып, талай қиындықтан қорғайды деп ойлаймын. Ата-ананың ғана мейірімі өлім аузында жатқан сәбиіне жәрдемдесе алады. Ата-ана мейірімі ыстыққа да, суыққа да төтеп бере алады. Менің тілерім, сол мейірім сәулесі ешуақытта сөнбесін! 

Ата-ана мейірімінің күштілігіне көз жеткізіңіз)


Мерзімінен 3 ай бұрын дүниеге келген сәбидің салмағы бар-жоғы 600 грамм болған. Тек ата-анасының шексіз мейірімі оны аман алып қалды. Ертеде атам қазақ шала туылған баланы тымаққа салып, оны босағаға іліп қойып бағып, ел қатарына қосқан. Ата-ана тілегі мен мейірімінің құдіреті, міне, осында.