Ата-ана ма, сүйген жан ба?

Ата-ана ма, сүйген жан ба?
жеке
блог

Бірден айтайын, менің алдымнан ондай таңдау шыққан емес. Бұл жазба белгілі бір адамға қатысты емес, жалпы өмір оқиғаларының қорытындысы іспетті. Өз ойым - өзімдікі! 

Өмірдің өзі таңдаудан құралғандықтан, кейбір кезде не ата-ананы, не сүйген жанды таңдау керек кездер болып тұрады. Ата-анасын тастап, сүйгенінің артынан кетіп жатқан адамдар сөзімнің айқын дәлелі. Сүю - тәтті болғанымен, соқыр сезім. Осы соқыр сезім жетегіне еріп, әлпештеген ата-ананы көзі қиып тастап кететін бауырларымды түсіне алмаймын, түсінбей де өтетін шығармын. 

Бауырлар, махаббат адамға бір рет берілетін сезім деседі. Мен сүйген адамыңды ата-ана үшін тастап кет дегенге шақырмаймын! Айтпағым тіптен ол емес. Азаматтың басынан не келіп, не кетпейді. Азамат қай кезде де өзінің намысынан таймау керек деп білемін. Ата-ана мен сүйген жан арасында алтын көпір бола біліп, тату-тәтті ғұмыр кешкенге не жетсін?!

Дей тұрғанмен, тағдырлар әрқилы болғандықтан, асылық айтудан аулақпын. Мені қатты қызықтырып тұрғаны - сіздің пікіріңіз. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Ойыңызды ортаға салыңыз. Ата-ана мен сүйген жан арасында таңдау тұрса, сіз не істер едіңіз?

Сурет: look.com.ua