Ата-ана қадірі
блог
Мен бақытты жанмын. Себебі: ата-анам, бауырларым жанымда. Мен олардың барына Аллаға сансыз мадақ, мың да бір шүкір айтамын. Анасын жақсы көрмейтін жан жоқ мына өмірде. Әкеден қарағанда, ананың орны бөлек. Себебі: түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін аямаған бұл біздің анамыз. Кей адамдар ата-анасының қадірін. түсінбейді. Ал, кейбіреулер қарттар үйінде.... Тек олардың арманы біреу. Балаларым келіп алып кетсе деген. Соған қатты іштей қайғырамын. Мына санаулы ғұмырыңда тек жақсылық істесем деген арманым бар. Қазіргі жастарды түсінбеймін. Өз жағдайын жақсартып алып, ата-анасының арқасында. Олар ата-анасын қарттар үйіне апарады. Ол кісілердің көз жасына қаларын білмейді де. Судың да сұрауы бар дейді. Кейін бәріне кеш болп кетпесіне кім кепіл? Сондықтан да сендерге айтарым: қолда бар алтынның қадірін біл. Достар, ешқашанда ата-анамызды ренжітпейік. Өздерінің санаулы ғұмырында, керісінше оларды бақытты қылайық, тек езулерінен күлкі, бастарынан бақ кетпесін. Сөзімді қорыта келгенде, олардың орындалмаған арманын біз орындайық, сенімін ақтайық!