Асыл қазынаны көк қағазға айырбастамайықшы ...

Тосыннан жеткен жаңалық, ғаламторды шулатқан жаңалық, жүрегі қазақ деп соққан өз елінің азаматтары мен азаматшаларының бейбіт шеруі арқылы жоғары жаққа жеткен ұсыныс, бірақ әлі күнге дейін шешімін таппаған билік өкілдері...

Түсінген шығарсыздар,меніде толғандырған жер мәселесі. Өткен ғасыр тарихын мән беріп оқитын болсақ,ержүрек батыр аға-апаларымыздың елі үшін өзінің туған топырағын қалай қорғап қалғанын байқауға болады.Болашақ ұрпақтарының бейбіт аспанда өмір сүріп, қаны бөлек ұлт өкілдеріне бағынышты болмауы үшін,тәуелсіздікті сыйлау жолында қаншама қиындық көргенін бәріміз де білетініміз анық.Өйткені, сауатымыз ашық оқып та,жазып та білеміз. Еліміз жылдан-жылға көркейіп,жаңа ұсыныстар, жаңа келісім шарттар оңынан болып заман талабына сай дамып келе жатырмыз. Әрине,бұның бәріде қуанарлық жай. Тек соңғы жаңалық кімді болмасын ойландырмасы анық.Туған топырағымның қытайға жалға берілуі,біздің ата-бабамыздың өз ұрпағына мұраға қалдырған бағалы дүниесін өзгеге 25 жылға ғана береміз дегенін түсінбей-ақ қойдым.Уақыт зымырап өтіп,сол уақытта келіп жеткенде қазағымның қонақжай,ақкөңіл және қарапайым халықын қимай,жерімнен кете қалатынына кім кепіл?Олар  берілген жерге жаңа кәсіп көзін бастаса,сол жұмысқа тұрғындарды алып,өз биліктерін жүргізетін сияқты көрінеді.Бірақ,олай болмайтын шығар деп үміттенем.Намысшыл халқым жері үшін ой пікірлерін белсенді түрде айтып жүргені қуантады.Елімнің болашағы үшін уайымдайтын билік басында отырған аға-апалар дұрыс шешім шығаратынына сенемін.Себебі,ең алдымен бәрінеде сеніммен қараған дұрыс.

Жер-қаны да ,жаны да, жүрегі де қазақ деп соққан халықтікі! Оны басқа ұлтпен бөлісуге болмайды. Болашағымыз үшін өз жерімізді өзгеге жалға бергенше, баспанасыз жүрген қаншама тұрғын бар игерілмей жатырған жерлерді өзіміз пайдаланған дұрыс-ау! Себебі, ертеңімізге күдікпен қарамай, сеніммен қарағанымыз мың есе артық.



Бөлісу: