Қайырлы күн барша Массагеттіктер! Жеңіс күні құтты болсын! Əрбір қазақ отбасына жақсылық ырыс, ынтымақ тілеймін. Барша қазақстандық азаматтар мен азамшалардың өздеріне және болашақ ұрпаққа тек бейбітшілік тілеймін.
Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 72 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты біз көрген жоқпыз достар, сол үшін оларды құрметтейік!
1941 жылы басталған сұрапыл соғыс кімнің болса да жүрегіне жара салды. Əрбір қазақ үшін ең қиын кезең болды. Аналар баласын, əйелдер жарын, балалар əкесін жоқтап қала берді. 8 миллион азамат бейбітшілік жолында құрбан болды. Жер үшін ел үшін аян баған ерлер арқасында біз бүгінгі күні шуақты, көгінде қыраны қалықтаған тәуелсіз қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Жеңіске менің отбасымның да қосқан үлесі бар. Ол менің мақтанышым атам мен əжем. Бірі соғыста шайқасса, бірі тылда қызмет етіп септігін тигізді.
Тоқышбек ұлы Баймахан 1924жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туылған соғыс жылдары бозбала уақытында елі үшін басқа азаматтар секілді отан қорғауға Мурманск қаласына жол тартқан. Ал 1945 жылы Рейхстагқа ту тігілгенде де Жеңіспен туған жерге оралған. Атам ортамызда болғанда биыл 93 жасқа толар еді.
(Атам туралы деректерді Массагет сайтында бөліскенмін.
Мен бүгінгі блогымды əжеме арнаймын. )
Менің əжем Мырзабай қызы Зура тыл қызметкері соғыс ардагерінің жары, 7 баланың анасы 20 немере мен 30 шөберенің əжесі, "Күміс алқа" иегері. Менің мақтанышым. Отбасымыздың сəні болып отыр. Ескі естеліктердің жинағы. Тарихтың куәсі.
"Апашым сізді атам екеуіңіздің мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздің Əрбір айтқан əңгімелеріңіз даналы сөздеріңіз менің жадымда, кішкене кезімнен жеке тұлға ретінде қалыптасуға қосқан еңбегіңіз де зор. Балалық шағымның біразы сіздің жаныңызда өткендіктен екеуміздің Əрбір күніміз есімде, айтып беретін əңгімелеріңіз де білемін, жатарда балаларыңыздың амандығын тілеп айтылатын дұғаңызды да жатқа білемін, қатпарланған əр əжіміңіз əр оқиғаның куәсі іспеттес сол үшін де күн сайын сізден ескіліктің əңгімесін сұрайтын едім. Əсем салатын əніңіз бен көркем етіп билейтін өнеріңіз де бар екенін білемін.
Біздер оқыған тарихты сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, сол сұрапыл кезеңнің басты кейіпкері болдыңыздар. Əр бір Жеңіске ұмтыл ған қадамдарыңыз, жеңіс жолындағы қызметтеріңіз нəтижелі болып жемісін көрдіңіздер. Жəне бізге бейбіт өмір сыйладыңыздар. Сол үшін де сіздерге ел басқарған елбасыдан бастап бас иеді. Ал мен үшін сіздер мақтанышсыздар. Алыста жүрген студент немереңіз қайда жүрсе де Соғыс көрген атам да тылда қызмет еткен əжем бар деп мақтана айталады. Асыл жар, аяулы ана, сүйікті ене, мейірімді əже биыл 90 ға келді. Апашым жасыңыз жүзді еңсерсін, бірақ қартаймаңызшы ескіліктің қалпына сақтап денсаулығыңыз сыр бермесін. Ортамызда əр дайым қуанышымға ортақсып жүріңіз. Немерелеріңізден шөбере сүйдіңіз енді шөберелеріңізден немен сүйіңіз!.
Ал сізге құттықтау ретінде студент қыздан арнау:
Өлең оқып берейін қабыл алғын,
Əжетай, кетсем жырақ сағынарым.
Аура қалсам, мейірімді бір сөзіңмен,
Қаласа Алла бір күнде сауығармын.
Түспесін көңіліңе қаяу еш бір,
Ортамызда жадыра, ойна тек күл
Бұл өлеңді сүйікті немереңнің,
Кішкентай мерекелік сыйы деп біл!
Сөздеріме қойайын енді түйін,
Толтырар ем сыйлыққа атам үйін
Қол жеткізер оған да Жаратушым
Ұзақ өмір сүріңіз оған дейін.