Асығыс жүрген бір күннің естеліктері
блог
Астанаға бір күнге ғана баратынымды сол күні білдім. Сағат тілі 12. Ал билет ізде. Әйтеуір бару бұйырып тұр екен, бару мен қайтуға билет табылды. 12.30-да билет алып, кешке аттанып кеттім. Асығыспын. Астанаға көптен бері есім де ауып жүр еді. Жүрегімді қолыма ұстап арман қаладан түстім. Общм, асығыс келіп, асығыс жүріп, асығыс қайттым ғой.
Пойыздан түскен соң бір қонақ үйге тоқтармын деп ойлағам. Массагет таныстырып, артынан төбелестірген оййй табыстырған дегенім ғой, Аида деген құрбым бар. Қайсы дейсіз бе? А, иә, дұрыс айтасыз, сол Аида Төлеубай ғой. Үйіне шақырып қоймады. Мен ыңғайсызданып әуремін. Қысқасы Аида мені бір-ақ сөзбен жеңді. «Маған келмей, қонақ үйге тоқтасаң, тормоз екенсің». Ал, осы сөзден кейін бармай көр .
Пойыздан түсе сала заттарымызды Аиданың пәтеріне жайғастырдық та, Қазақ радиосы ұйымдастырған «Дала дауысы» консертіне бардық.
Одан шыққан соң бірге оқыған группаластарыммен кездесіп, түнделетіп бас қостық. Жаурап дәмхана іздеп жүруді жөн көрмей, алдымызда кезіккен алғашқы асханаға бас сұқтық.
Студент кезімізде «шуылдақтар» аталған біздер улап-шулап жүріп түннің бір уағы болғанын да байқамаған екенбіз. Қимай тарастық. Негізі ұялшақ емес ем, ұяла-ұяла түн жарымында Аиданың есігін қақтым. Құрбымның күлімдеп қарсы алуы қандай жылы еді.
Ертеңіне тағы да асығып Астана Интернет Форумына келдік. Алғашқылардың бірі боп келіп, тіркелген шығармын. 9.10-да келсем де адам қарасы әлі аз еді. Ал сомен AIF басталды.
Форумда массагеттіктермен қауышып, ақар-шақар болдық та қалдық.
Айтпақшы осы форумда массагеттіктер жиналып, суретке, видеоға түскенбіз. Астанадан сәлем жолдап, Массагетімізді алдағы туған күнімен құттықтадық. Ол сурет пен видео қолымда жоқ, Ардаққа аманат .
Асығып жүріп ол бітті. Енді вокзалға асықтым. Аида маған арнап мынадай дәмділер жасапты. Өз қолымен.
Расында да керемет! Аиданың болашақ жарының арманы жоқ шығар деп қалдым.
Міне, ақ көңілді Аиданың ақшақар бейнесі
Асығып күткен тағы бір жиыным бар еді. Алматыма да асығып жеттім. Сосын Массагеттіктер тамаша бір басқосу өткіздік.
Міне, соңғы екі күнде асығып жүріп, көріп, біліп келгендерім осы :).