Асығы алшысынан түсті

 Ұлттық ойындар-бұл халықтың рухани тәжірибесін, педагогикалық көзқарастарын сақтап, өткені мен бүгінін байланыстыратын халықтың естелігі. Қазақ ұлттық ойындарында қарапайымдылық пен үлкен эмоционалдылық пен кеңдік үйлесіп, өзін жан-жақты көрсете білді. Әрбіреуі ақыл-оймен қадам жасап, епті болуға баулиды. Тек тәннің күштілігін ғана ескермей, ақылмен ойлап, кедергіден тапқырлықпен өту, жолын іздеуге шақырады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.
 Қазіргі заман - технология заманы. Көп дүниені тек шынайы өмір кейпінде ғана емес, виртуалды тұрғыда да іске асыруға болады. Барлық адамдар телефон арқылы қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырады. Үлкені, жасөспірімі және кішкентай балалары да. Нақты балалардың қарар дүниесін негіздейтін болсақ, олар: YouTube, неше түрлі блогерлер, TikTok әлеуметтік желілері. Ғаламторларды зерттеп қарар болсақ, ұлттық ойындарымыздың электронды форматы бар. Көп емес, бірақ бар. Play Market желісінен асық, көкпар ойындарын, тоғызқұмалақты табуға болады. Заманауи бағытпен ұлттық ойындарды осылай жеткізу тиімді.
 Ұлттық ойын ретінде қалыптасқан қандай ойын болмасын өз болмысын бүгінге дейін сақтап жеткендері қаншама. Ерекше әрі сұлу ат спортық ойындарының ішінде қыз қууды айтса болады. Ертеде қыз бен жігіттің арасында ойналатын ойын бүгінде бар, ережесіде өзгермеген. Бұдан бөлек – алтыбақан. Ауыл жастары үшін ойын-сауық, көңіл көтеру ретінде құрылады. Қазір өткізілетін ұлттық мерекелердің сәнін кіргізетін бірден бір ойын түрі. Кешкілік қараңғы түскенде қыздармен жігіттер жиналып, алтыбақанға тербелуге жиналады. Алғашқы жұп тербеліп бастағанда қалған қыз-жігіттер әсем әуенге салады. Алтыбақанға жиналған жастар ай жарығымен ақ сүйек ойынын да ойнайды. Бұл да ұлттық ойындардың бірі. Бұдан басқа да жастар арасында ойналатын спорттық ат ойындары, одан басқа ат жарыстар, қыз-жігіттердің ойындары өте көп. Сонымен қатар, ақыл-ойды жетілдіретін ойындар да бар. Оларды бірі тоғыз құмалақ. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы өте тереңде. Екі ойыншы арасында арнайы тақтайшада ойналады. Ойын ақыл мен ойдың ұшқырлығын бағалайды. Қорыта айтқанда қазіргі күнге дейін бізге мұра болып жеткен әрбір ойынның өзінің идеясы бар. Әрбіреуі батылдыққа, батырлыққа, білімділікке тәрбиелейді. Сондықтан оны өз ұрпағымызға дәріптеуіміз керек.
 
Жұмабай Айымжан

ҚазҰУ, Журналистика факультеті 3 курс

Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова



Бөлісу: