Асүйлік гаджеттер. Менің рейтингім
блог
10 орын:
Таңғы асқа жұмыртқа пісіруге арналған гаджеттер.
![]() |
Тәрелкеңізде керемет пейзаж болсын десеңіз, дәл сізге керек нәрсе. Жұмыртқаны бұлт және күн сияқты әдемі етіп пішіндеп береді. Осындай сәнді жеуге де қимайсың бір жағынан. |
![]() |
Құқық қорғау саласында істейтін ағаңызға не бауырыңызға осындай істеуге болады, әйтпесе, басқа адамдардың тәбетін ашқаннан бұрын қаштыратын сияқты бұл нәрсе. Немесе кішкентай ұл балаларға да ұнауы мүмкін "пистолет-жұмыртқа" деп. |
9 орын:
Лимонды спрей. Өте ыңғайлы нәрсе сияқты. Лимонды екі бөліп шырынын сығып жатудың қажеті жоқ, тек құрылғыны лимонға тығып, мысалы, салатқа себе бересіз.
|
![]() |
8 орын:
Қорқынышты пышақ органайзерлері
|
![]() |
7 орын:
|
Жемістерге арналған ваза. Дастарханда өте әдемі көрінетін сияқты.
|
Бананға арналған органайзер.
|
6 орын:
|
Жапон, қытай мейрамханаларына алып баратын шанышқы. Таяқшалармен жеп қиналмай-ақ қоюға болады.
|
Итальяндық мейрамханаға алып баратын шанышқы. Паста түсе береді деп қорықпайсыз.
|
5 орын:
Картоп аршығанды жақсы көретін адамды көрген жоқпын, сондықтан бұл құрылғы бәріне ұнайды деп ойлаймын.

4 орын:
Авокадо және қауын немесе асқабақ кескіштері
|
|
3 орын:
Келіннің көмекшілері
|
Келін шай беретін жас келіндерге таптырмас сыйлық. Қайта-қайта шәйнек көтеріп қолдары шаршамайды.
|
Көбі қара және көк шай ішеді. Екі шәйнек қоймай, біреуіне екі түрлі шай құясыз.
|
2 орын:
Пиццаға арналған кесу құралдары.
|
![]() |
1 орын:
Тамақ істегенде қолын жиі кесіп алатын адамдарға арналған таптырмас кесу құралдары.
![]() |
|
![]() |
Instagram @Gourmania












