Астананың жаңа құрылыстары: Теміржол Вокзалы

Астанада өтетін дүние жүзілік Экспо-2017 көрмесіне орай, қалада жаңа құрылыс нысандары бой көтеруде. Бұл жолы әңгімеміз шамасы 2016 жылдың желтоқсан айында көрмеге дейін эксплуатацияға берілетін, жаңа темір жол вокзалы жобасы жайлы болмақ. Әкімшіліктің айтуы бойынша бұл құрылысқа заманауи "жасылдандыру" технологиялары қолданылуда, және сол арқылы экологиялық шырайлы ықыласты жоғарлатады. Сонымен қатар әкімшілік ЛРТ линиясы, әуежайдан темір жол вокзалы ғимаратына дейін өтетінін мәлімдеді.

Құрылыс салушылардың ( архитекторлардың) мəлиметтері бойынша, вокзал аумағы, оң жақ жағалауда орналасқан "Мыңжылдық Аллеясы" өсінен 127 гектарды құрайды: 33 мың квадрат метр вокзал терминалы алады, 15 мың коммерциялық мақсатта, 12 мың - технопарк, қалған аумаққа 900-дей көлік сиятын автотұрақ салуды жоспарлауда. Айта кететін жайт, бұл осьте, 2 жағалау арқылы өтетін, астананың негізгі "символдары" орналасқан: Бəйтерек, Хан шатыр, Ақ орда және пирамида.
Вокзалдан тəулігіне 12000-35000 адам өткізу жоспарлануда, осымен бір уақытта басты терминалда 2500 адам бола алады. Және вокзалдың территориясын өзгерту жоспарлануда. Қазірде архитектуралық жоспарда паркті аумақтар, жаңа 40 қабатты бизнес центрлар премиум класстар құру мақсаты бар.

Қазіргі таңда жұмыс кестесінің тəулік бойы болуының арқасында, бағананы қағу және іргетас (фундамент) қалау жұмыстары аяқталған. Жұмыс металлоконструкция құрылысы бойынша жүргізілуде. Құрылыс аяқталған соң поездар ғимараттың тура ішіне кіре алады. Бұл мақсатта 6 жолға жабық эстакада жобасы жүргізілуде. Жолаушылар және күтіп алушылар тоңып қалмауы үшін, ғимарат терминалы жерастылық жылуалмасумен жабдықталған. Терминал көздері есебінен, вокзал қыста жылы, жазда салқын болып, жайлы температураны ұстап тұрады.



Бөлісу: