Астаналық құтқарушылар жолда қалған адамдарды қар құрсауынан құтқаруда

Қаңтардың 21-і күні түнде, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, Астана-Қостанай тас жолында Семеновка елді мекенінің маңындағы автокөлік көпірінде 30 жеңіл және жүк көлігі тұрып қалған. «Қыс мезгіліндегі әрекет ету жоспарына» сәйкес, шақырту орнына жеке құрамның 12 адамы, 2 техника бірлігі жіберілген болатын.

Бұдан бөлек, Астрахан тас жолында қар құрсауында 10 жеңіл, КАМАЗ маркалы 5 жүк автокөлігі, 2 газель, 1 DAEWO автобусы, 1 УАЗ, 1 ЗИЛ және 32 адам қалған. Оларды құтқаруға 01-46 минутта 3 техника бірлігі мен Астана қаласы ТЖ Департаменті бөлімшелерінің 3 техника бірлігі, жеке құрамның 12 адамы жіберілген еді. Ауа-райының қолайсыздығы, желдің күшітілігі мен көрінудің төмендігіне қарамастан адамдар қауіпсіз жерге жылдам көшірілді. Автомобильді техника қалаға таңғы сағат 05-00-де жетті.

Сонымен қатар, ОААЖҚО күштерімен де адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылды. Олардың жедел әрекеттерінің арқасында, Астана-Қостанай бағыты бойынша 7 адам және Астана-Қорғалжын бағыты бойынша жолда қалған 16 адам дін-аман қалды.

20-21.01.2014ж. аралығында Астана қаласы ТЖ Департаменті горнизонының күшімен қар құрсауынан 55 адам құтқарылған болатын. Олардың 3-і балалар. Бұдан бөлек, қарға оранған 20 автокөлік шығарылды.



Бөлісу: